×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
10.08.2015 в 23:02

Ұлтжандылық — ел келешегінің тірегі

Бүгінде Қазақстанның алға қойған басты мақсаты — әлемдегі дамыған отыз елдің қатарына қосылу. Мемлекеттілігімізді нығайтып, күрделі кезеңнен сенімді өту үшін жағдай туғызуға бағытталған «100 нақты қадам» жоспары көпшілік тарапынан қолдау тауып отыр, - дейді Отырар аудандық  орталық кітапханасының  бөлім меңгерушісі Роза Пернебаева. 

Ұлт жоспарындағы 85-қадамда ««Мәңгілік Ел» патриоттық актісі жобасын әзірлеу» тапсырылған. Ал, былтыр еліміздің мәдени саясат Тұжырымдамасында жаңа мәдени саясаттың стратегиялық басым бағыты — «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы екені атап көрсетілді.

Кітапхананы дамыту бөлімінің меңгерушісі Роза Пернебаеваның мәлімдеуінше, кітапхана саласының қызметкерлері  жыл сайын 700-ден астам мәдени шаралар ұйымдастырады. Бұл іс-шаралардың әрқайсысы жас ұрпақ тәрбиесіне маңыз бере отырып, оларды ұлтжандылыққа тәрбиелеуге, мемлекеттілікті нығайтуға бағытталған.

- Қай мемлекеттің де өркендеп-дамуына азаматтарының Отанға деген сүйіспеншілігі, патриотизмі іргетас болады. Бұл 89-қадамда «Мектептік білім берудің қолданыстағы оқу бағдарламаларына Мәңгілік Ел құндылықтарын енгізу» анық көрсетілген, - дейді ол.

Оның мәлімдеуінше, ол басқаратын бөлім  «2015 жылы кітапханада жүргізілетін  жұмыстардың негізгі бағыттарын нақтылау»  атты  тақырыпта  аудандық семинар ұйымдастырып, жиын аясында «Жаңа кітаптар керуені» тақырыбында көрме-жәрмеңке ұйымдастырған. Көрмеде түрлі этностардың тағдырын баяндайтын кітаптардың таныстырылымы өткен.

- Болашақ — жастардікі. Сондықтан жастардың білімді, денсаулықтары мықты болып өсуіне ғана емес, олардың өз елінің шынайы патроиоттары ретінде ер жетуіне аға буын өкілдері бағдар беруі парыз, - дейді кітапханашы.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика