×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
11.08.2015 в 23:06

«Әрбір қазақстандық Қазақстанды жан-тәнімен сүйетін патриот болуы тиіс»

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 100 нақты қадамнан тұратын Ұлт жоспары — бүгінгі қоғам дамуының ең өзекті мәселелерін көрсеткен тарихи құжат. Оны орындауға әрбіріміз атсалысуға тиіспіз. Әрбір қа¬зақстандық Қазақстанды жан-тәні¬мен сүйетін патриот болуы тиіс,  - деп есептейді «Нұр Отан» партиясы Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық филиалының төрағасы, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Саттар Қуашбаев.

Оның мәлімдеуінше, «100 нақты қадамның» қай-қайсысы да өзекті мәселелерді қамтыған. Кез келген қоғамның өркендеп өсуінің негізгі қозғаушы күші – ол сол елдің қарапайым азаматтарынан құралған халқы десек, әр қазақстандық денсаулығы мықты, саламатты өмір салтын ұстанған білімді де білікті азамат болуы тиіс. «Бұл міндет әрбір отбасы мен білім-тәрбие беру ошақтарының қасиетті қағидатына айналуы шарт. Ұлт оспарында тап осы идеология, тәлім-тәрбие, білім беру мәселелерін қамтитын қадамдар бар. Осы іс-шаралардың  қолға алынуы мені ерекше қуандырды» дейді ол.

ОҚО мәслихатының депутаты Ұлт жоспарының 85-қадамы туралы да сөз етті. 

- «Мәңгілік Ел» идеясы отан¬шылдық, ұлтжандылық және этнос¬аралық ынтымақ рухында тәр¬бие¬леудің өзегі. Көпэтносты Қа¬зақ¬стан жағдайында барын¬ша дамыған отыз елдің қатарына қосылу – ел мен жерге деген сүйіспеншілігі шексіз патриот азаматтарсыз мүмкін емес. Сондықтан әрбір қа¬зақстандық, мейлі ол қай этностың өкілі болса да, сүйікті Отаны¬мыз – Қазақстанды жан-тәні¬мен сүйетін патриот болуы тиіс, - жеп атап өтті Саттар Қуашбаев.

Оның пікірінше, «Мәң¬гілік Ел» ұлттық идеясының арқауы ретінде отандастарымызды патриоттық, қонақжайлылық және меймандостық рухында тәрбиелеуде халқымыздың теңдесі жоқ салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары таңдалуы тиіс.

- Өйткені, олар – даңқты ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған іс-тәжірибесінің, тыныс-тіршілігінің жемісі. Кез келген ел халқының айрандай ұйып, жұдырықтай жұмылуында, әсіресе, көпэтносты мемлекет жағдайында мемлекеттік тілді меңгерудің алар орны айрықша. Бұл – ешқандай дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома, - дейді С.Қуашбаев. 


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика