×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
11.08.2015 в 23:09

«Гунча» өзбек халықтық ансамблі концерт берді

Жуырда  Сайрам ауданындағы «Гунча» өзбек халықтық ансамблі концерттік бағдарлама қойды. Бұл шара Қазақстан халқы Ассамблеясының жылына арналды.

Мерекелік кештің өтуіне Облыстық арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапхананың ұжымы мұрындық болды. Рухани орданың тұрақты көрермендері тегіс қатысты.

Әуезді әсем әннен қуат, жүздеріне шуақ дарытты.   Ал, құрмет-қошеметтің арқасында бір қанаттанған өнер ұжымы – «Ғунча» ансамблі болса, қазақ, өзбек, қырғыз және орыс әндерін нақышына келтіре шырқады.

Жалпы, қазақ елінде өзбек мәдениеті мен өнерін дамыту үшін еш кедергі болған емес. Мәселен, өзбек руханиятының бір бұтағы ретінде кешегі КСРО кезінде атағы аспандаған әйгілі «Гунча» ансамблін білмейтіндер бүгінде кемде-кем. 40 жылға таяу тарихы бар бұл өнер ұжымы 1975 жылы халық ансамблі атағын алды. Ансамбль мүшелері тек Оңтүстік өңірде ғана емес, Қазақстанның, ТМД елдері мен Орта Азияның бірнеше қалаларында өнер көрсетіп, көрермендер ықыласына бөленді. Өнерпаздар өзбек музыкасымен ғана шектелмейді. Түрлі той-томалақтарды айтпағанда, жыл бойы Алматы, Астана, Көкшетау, Қызылорда секілді қалалар тұрғындарының арнайы шақыртуымен гастрольдік сапарға шығып, қазақ, орыс, тәжік, үнді халықтарының шығармаларын орындап, концерт береді.

Концерт барысында өзбек халқының ұлттық аспаптарының шығу тарихымен де кеңінен таныстырды. Салт-дәстүрден де сыр шертілді.

- Мақсатымыз - біздің осы ұлтаралық татулықты дәріптеу. Бір-біріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.  Және біздің оқырмандарымыз бір ұлттан емес, көп ұлттан құралған, - дейді Бәкір Нұрманбетов.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика