×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
13.08.2015 в 23:11

Бірлік пен татулықты ұлықтаған Скибиндер отбасы

Шымкентте бірлігі жарасқан, бір-біріне қарасқан Скибиндер отбасы тұрады. Алексей жұбайы Гүлжанмен бірге облыстық опера және балет театрының әнші солистері. Өнерпаздардың отбасында екі қыз тәрбиеленуде. Екі қыз – ерлі-зайыптылар арасындағы дәнекер ғана емес, бір шаңырақ атында өмір сүріп жатқан екі ұлт өкілінің арасындағы татулық пен бірліктің де дәнекері.

Скибиндер - ынтымағы жарасқан көп ұлтты отбасы. Отағасы Алексей «елдің ел болып, дамуы үшін әрбір отбасыда ырыс-ынтымақ, береке-бірлік болғаны лазым» деп біледі.  Қырғызстанның тумасы өнер жолын қуып, Мәскеуде Ипполитов атындағы институтқа оқуға түседі. Сол жақта Шымкенттің ару қызы Гүлжанмен көңілдері жарасады. Осылайша тағдырлары тоғысқан таланттар  шаңырақ құрады.

Алексей Скибин,  облыстық опера және балет театрының әнші солисі:

- Біз Ресейде 20 жыл тұрдық. Шымкентте опера және балет теары ашылғалы бері осында тұрып жатырмыз. Бізді шақыртқанда ойланбастан келдік. Себебі, татулығымен елге үлгі Қазақстанда, оның ішінде шырайлы Шымкентте тұру, миллиондар қаласының өнерін өркендету – үлкен мәртебе. Түптің түбірінде өңір тарихында қалатын жағдай. Оның үстіне, оркестрмен ән айту біздің арманымыз еді. Өнер ұлт пен ұлысқа бөлінбейді, әсіресе, 400 жылдан астам тарихы бар опера өнері баршаға ортақ. Қазір әлімде итальян, француз, орыс не болмаса қазақтың әйгілі композиторларының әндері шырқалып жүр. Сондықтан бұл өнер  - көпұлтты деп аталады.

Скибиндер отбасы көпке үлгі. Олар екі перзент тәрбиелеп, бірнеше ұлттың салтын ұстанып отыр. Екі қызының бойына қазақ, орыс, молдован, казак, жалпы 6 ұлттың  қаны тамған. Екеуі де өнерге бейім. Ән айтады, музыкалық аспаптарда ойнайды, билейді.   Әрі өнерлі отбасының өрендері бүгінде  «Балаганчик» театрының әртістері.

- Қазақстанға көшіп келгенімізде менің жасым тоғызда еді. Басында қатты қиналдым. Сәлден соң үйренісіп кеттім. Маған халықтың  қонақжайлығы, мінезінің жайдарылығы ұнайды. Осы қасиеттерге қарап та сіңісіп кеткен сияқтымыз. Достарым көп. Әр ұлттың өкілдері. Тәлім-тәрбиелері, пайым-парасаттары әр түрлі. Біраз нәрсені үйренеді екенсің. Меніңше, көп ұлтты мемлекет толағай табыстарға қол жеткізеді, - дейді Скибиндердің қызы Маргарита.   

Скибиндер шаңырағында ауызбіршілік пен түсіністік, қарапайымдылық пен сыйластық үстемдік құрған. Содан болар,  олар қашан да нәтижелі істерге үйір. Ерлі-зайыптылар өмірде де, сахнада да  бір-біріне серік. Адами қасиеттер мен өнерді  жоғары бағалайтын осындай отбасылар – мемлекетіміздің тірегі болары хақ.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика