×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
14.08.2015 в 23:16

Созақ ауданында 10-нан аса ұлт пен ұлыстың өкілдері мекендейді

Бүгінде ынтымақ-бірлігі жарасқан тәуелсіз Қазақстанда 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады. Ал, Оңтүстік Қазақстан облысындағы  Созақ ауданын  10-нан аса ұлт пен ұлыстың өкілдері құтты қонысы еткен. Қазіргі таңда ауданда 7,5 пайыз өзбектер, 1,5 пайыз орыс ұлты және 1 пайыздан астам тәжік, шешен, азербайжан секілді ұлттар тұрады. Жуырда аудан әкімі Созақ ауданының дамуына ерекше үлес қосып жүрген бір топ өзге ұлт өкілдерін қабылдады.

Қазақстанға келгеніне 30 жыл болған ұлты украйн Анатолий Николайұлы Гоц:  «Қазақсан менің отаным, украинада туып өссем де осы жерден өсіп өндім, жан бақтым, бала өсірдім. Тіпті туған жерім украинадағы туыстарым хабарласып елге кел деп ұсыныс айтып жатады. Қазақстан бір елге айырбастамаймын» - дейді.

Ұлты азербайжан, соғыс ардагері Тагаев Шамил ұзақ жылдар ауылшаруашылығын дамыту жолында белсенді жұмыс жасаған, бүгінде 11 ұл қызынан 56 немере көріп отырған абыз ақсақал. Сұм соғысты көрген ақсақал; «Еліміз аман, аспанымыз ашық, бейбіт өмір сүріп жатырмыз. Бізге мұнан артық бақыттың керегі жоқ» - дейді. Өз кезегінде аудан әкімі қонақжай қазақ халқының құшағы қашанда ашық екенін. Адал еңбек етіп жүрген барлықтарының еңбегін жоғары бағалайтынын айтып, алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

«Ырыс алды – ынтамық» деп ой түйген қауым салтанатты шарада емен-жарқын ой бөлісті.

- Біздің мемлекетіміздің басты жетістігі - ұлтаралық келісімі мен өзара сыйластығы. Бірлік бар жерде - тірлік бар. Еліміз орныққан ұлттар  тұтастығы мен халықтар достығының арқасында ғана бүгінде өркендеп, ілгері қадам басып келеді, - деп атап өтті олар..

Басқосуға келгендер ешкімді бөле жармай, бауырына басқан   қазақ халқына алғыстарын білдірді.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика