×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
15.08.2015 в 23:19

Этносаралық келісім — ел мақтанышы

ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының бастамасымен Төлеби ауданының Киелітас, Тасарық, Көксәйек, 1 мамыр елді мекендерінде тұрғындармен кездесу өтті.  Елбасы Н.Назарбаев айқындаған Ұлт жоспарының төртінші бағыты бойынша насихаттық жұмыстар жүргізілді.

—Ұлт жоспарындағы «Біртектілік пен бірлік» атты тармағында айтылған тұжырымдар ел бірлігінің нығаюына  бағытталған игі қадам.  Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел-үлкен отбасы» атты кең көлемді жобасын әзірлеу және жүзеге асыру — қазақстандықтардың біртектілігін нығайтады және азаматтық қоғамның бүтіндігін қалыптастыру үшін жағдай туғызбақ, - деп сөз бастаған облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары – облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі М.Қалмұратов кездесулерде Ұлт жоспарының бірлікке бағыттаған қадамдарына тоқталды.

 Сонымен қатар, «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Е.Байқонақов, облыстық өзбек , күрд, шешен-ингуш, қырғыз бірлестіктерінің төрағалары этносаралық келісімді сақтау тақырыбында ойларын ортаға салды.  Жиында 88-қадам туралы кеңінен сөз болды.

- Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын алға жылжыту жөніндегі ұлттық жобаны әзірлеу және жүзеге асыру, ол «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму, индустрияландырудың екінші бесжылдығы бағдарламаларын, сондай-ақ, тәуелсіздік жылдарында мемлекеттік саясаттың арқасында еңбек, кәсіпкерлік, ғылым мен білім және басқа да кәсіптік қызметтерде жоғары нәтижелерге қол жеткізген қазақстандықтардың (біздің заманымыздың батырларының) табыстарының дербес тарихын ескере отырып, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеяларын іогерілетуге, индустрияландырудың және «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асырудың мемлекеттік саясаты талаптарына жауап бере алатын жұмысшы және кәсіптік-техникалық мамандықтардың артықшылықтары мен танымалдылығын насихаттауға бағытталады, - деп атап өтті Е.Байқонақов.

Ал, аудандық славян этномәдени бірлестігінің өкілдері ішкі бірлікті нығайту мәселесіне тоқталып, Ұлт жоспарын  жүзеге асырудың маңыздылығы жөнінде пікір білдірді.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика