×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
16.08.2015 в 23:37

Тұрбат – көп ұлтты ауыл

Қазығұрт ауданындағы Тұрбат елдімекені - көпұлтты ауыл. Ондағы 10 мыңнан астам халықтың 50 пайызы ғана - жергілікті ұлт өкілдері. Соған қарамай мұндағылардың бірлігі бекем, тірлігі түзу. Тіпті, татулықтарын көпке үлгі етуге болады.

Осындай ынтымағы ұйып отырған ауылда «Татулық, бірлік, келісім – ең асыл іс» - атты іс-шара болып өтті. Оған ұйытқы болған - сондағы өзбек мәдени орталығы.

Қазақстан халқы Ассамблеясының жылына орай ұйымдастырылған шараның негізгі мақсаты - ел бірлігін арттыру. Сол үшін келелі бас қосуға жастар жағы көп тартылыпты. Өйткені, елдің ертеңі - солар. Бабалардан қалған мұраны жалғастыратын да – жастар.

- Осы біздің Тұрбат елдімекені ынтымағы, бірлігі жарасқан ауыл. Үлкенді үлкендей, кішіні кішідей сыйлай білетін. Ата-бабаларымыз мирас етіп қалдырған осы дәстүрді біз алдағы уақытта да жалғастыра білуіміз керек. Тұрбат елдімекенінде қазақ-өзбек ұлты негізінен тұрады. Жартысы - қазақ, жартысы - өзбек. Бұл жердегі мектептердің де балаларды қарым-қатынасқа үйрету барысында аралас мектеп жұмыс істейд, - дейді зеунеткер-ұстаз Әділбек Ботаев.

Ауылда бүгінде татулықтың тұғыры - Ассамблеяның қоғамдағы рөлін арттыру мақсатындағы іс-шаралардың аясы кеңеюде. Мәселен, үлкен-кішіден ақыл-кеңесін аямайтын «Ақсақалдар алқасы» бар.

Барды саралап, оң мен солды таразылайтын ғылыми-сараптамалық топ, этносаралық қатынас мәселелерін ортаға салатын «Журналистер клубы» да бар. Ал, бала тәрбиесіне келгенде барлық тарап бір кісідей бірігеді.  Н. Назарбаевтың «Жастар - біздің келешегіміз, мақтанышымыз», - деген сөзі бар. Сол тамаша сөз біздің ауылда да өз көрінісін табады. Өйткені, тұрбаттық жастар, ғылымды, әдебиетті өте жақсы сүйеді. Мектептерде қазақ-өзбек ұлттары оқиды, татулық өте күшті. Өйткені бұл татулық бізге бабалардан мирас болып келген. Бұл достықты біз - қариялар да қолдап, балалардың жүрегіне сіңдіреміз, - өзбек мәдени орталығының  мүшесі Бахадыр Сәбит.

«Этносаралық қатынас, ынтымақ пен келісім тұрғысында Ассамблеяның алар орны айшықталып, көпке жеткізіледі», - деп тарқасты жиналғандар.  Ал, игі шара мектеп оқушылары дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика