×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
17.08.2015 в 23:40

Қазақтарға алғыс ретінде ескерткіш-монумент орнатуды ұсынды

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданындағы иран-әзірбайжан этномәдени бірлестігінің төрағасы Миргасан Агаев Шымкент қаласындағы Ж.Шанин атындағы қазақ драма театрында  «Мәңгілік ел» - жалпықазақстандық бірегейліктің негізі» атты тақырыпта өткен Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XVIII сессиясында  Қазақтарға алғыс ретінде ескерткіш-монумент орнатуды ұсынды.

«Менің кәрі анам «біз қазақ деген дана, ақжүрек халыққа әрдайым ризашылық білдіруіміз қажет. Әзірбайжандар осы қасиетті мекенге алғаш келген кезде олар бізді жатсынбай, өзектен теппей, нанын бөлісіп жеп, суын қызғанбаған. Қазақтардың дархандығының арқасында біздер олармен бірге қуандық, таршылық та көрдік. Соңында осындай бейбіт заманға қол жеткіздік. Сондықтан олардың жақсылығын ешуақытта ұмытпаңдар» деп бізге үнемі айтып отыратын. Қазақ жеріне алғаш келген ата-бабамыздың бүгінде көзі тірілері некен-саяқ болса да олардың ұрпақтары яғни біз, қазақ ұлтының мейірбандығын естен шығармауымыз керек. Осы ретте Елбасы бір сөзінде «Еліміздің күнтізбесіне «қазақтарға алғыс айту күні» мерекесін енгізу туралы ұсынысын білдірген болатын. Осы ұсынысты мен толықтай қолдай отырып, Шымкент қаласынан мерекеге қатысты ескерткіш-монумент орнатуға барлық этномәдени бірлестіктердің мүшелерін, іскер, патриот азаматттарды шақырамын», -деді ол.

Агаевтің мәліметі бойынша бүгінде Сарыағаш ауданында 8 этномәдени орталық тіркелген. Олар: түрік, тәжік, ұйғыр, өзбек, неміс, славян кәріс және иран-әзірбайжан этномәдени орталықтары. Аталмыш орталықтар ауданда, облыс көлемінде өтетін іс-шараларға белсенді түрде қатысып, өзара ынтымақтастықта жұмыс істеуде. Әр мерекеде олар өз ұлттық тағамдарын әзірлеп, мәдениетін, салт-дәстүрін көрсетуге тырысады.            Айта кетейік, әзірбайжан ұлт өкілдерінің Қазақстанға және Орта Азия елдеріне күштеп қоныстандыруды үш кезеңге бөліп қатарстыруға болады. Бірінші кезең,  1929 жылы жаппай ұжымдастыру кезінде жүрді. Сол уақытта бай-кулак деп қаншама адамды көшіріп әкелді. Екінші кезең, 1937-38 жылдары саяси қуғын-сүргінмен көшірілген. Үшінші бөлігі 1946 жылы Ираннан эмиграция жасалған. Статистикалық мәліметтер бойынша бүгінде облыс көлемінде  32 мың әзірбайжан тұрады. Ал, Шымкент қаласында олардың саны – 10 мың адам шамасында. Мақтарал, Түлкібас және Сайрам ауданында әзірбайжандар тығыз қоныстанған. Ол жақта әзірбайжан тілін үйрететін жексенбілік мектептер  ашылған.

Қазір әлемнің көп елінде Әзірбайжан диаспорасы бар. Қазақстандағы әзірбайжандардың саны 200 мың адамнан асады. Олардың дені Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Қызылорда және Талдықорған облыстарында қоныстанған. Өткен ғасырдың 50-60 жылдарында Әзірбайжан КСР-інен Қазақстанға 15 мың адам көшіп келген. Олардың басым бөлігі тың игерушілер еді.

«Қазақстан көпұлтты мемлекет екеніне қарамастан сайын даланы мекен еткен барлық ұлттар тату-тәтті өмір сүруде. Мұның барлығы еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының жүргізіп отырған саясатының арқасында. Біз әзірбайжан ұлт өкілдері Қазақстанда өмір сүріп жатқанымызды, осы елдің азаматы екенімізді мақтан тұтамыз»,- дейді ол. 


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика