×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
18.08.2015 в 23:43

Бас редакторлар клубы бірлік пен біртектілікті насихаттауға шықты

Жуырда Оңтүстік Қазақстан облыстық бас редакторлар клубының өкілдері Мемлекет басшысы ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының мән-маңызын түсіндіру үшін Бәйдібек ауданына барып қайтты. Тиісті сала мамандары «Біртектілік пен бірлік» бағыты бойынша атқарылатын міндеттер мен жұмыстар жайын әңгімеледі.

Әкімдікте өткен «дөңгелек үстелге» сот қызметкерлері, «Қоғамдық келісім» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің мамандары мен аудандық, қалалық ішкі саясат бөлімдерінің басшылары қатысты.

Алғаш болып сөз алған «Қоғамдық келісім» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің басшысы Ербол Байқонақов: Елбасының біртектілік пен бірлік тармағында айтқан тұжырымдарының үлкен ой салатынын алға тартты.

- Азаматтық біртектілікті нығайтудың «Менің елім» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, оның аясында технологиялық жобалар серияларын іске асыру қарастырылатын болады. Соның бірі – «Қазақстан энциклопедиясы» кең көлемді интернет жобасын құру, - деп атап өтті ол.

«Қоғамдық келісім» үйі директорының мәлімдеуінше, бұл әрбір азаматқа және шетелдік туриске Қазақстан туралы көбірек  білуге мүмкіндік береді. 

- Порталға Қазақстан бойынша 3D бейне турлары, елдің тарихы мен мәдениеті, қызықты оқиғалары және қарапайым қазақстандықтардың өмірі туралы ақпараттар орналастырылады. Портал бір есептен елдің «сапарнама карточкасына», ұлттық жол көрсетушісіне, қызықты азаматтар үшін ұлттық құрмет тақтасына және виртуалды хабарласу тұғырнамасына айналады, - деді ол.

Жиында Бас редакторлар клубының мүшелері де өз пікірлерін айтты.

- «Елбасы: «100 қадам - бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамыған мемлекеттердің қатарына ену жөніндегі жоспары. Сондықтан жаңа асуларды бағындыру үшін ауызбіршілік қажет, - дейді олар.

Осыны алға тартқан журналистер қауымы Бәйдібек ауданы жұртшылығын  үздік отыз елдің құрамына кіру үшін құрылған Ұлт жоспарын бірлесе орындауға шақырды.

- Ел - мемлекет басшысының әр сөзін жақсылыққа балайды. «Халқының қамын ойлаған көшбасшымен  бірге  бағындырар биігіміз ешқашан аласармайды», - дейді олар. 


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика