×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
21.08.2015 в 22:54

Ел дамуының басты кепілі - бірлік пен ынтымақ

Жуырда Мақтаарал аудандық мәслихатының хатшысы Оразхан Дәндібаев ауданның дамуына үлес қосып жүрген, әсіресе ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген бір топ өзге этнос өкілдерін қабылдады.

- Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуының негізгі күші де осы-ұлтаралық татулықта. Бірлікті еселеуде мақтаралдықтардың да  қосқан  үлесі аз емес. Биыл - Қазақстан Халқы Ассамблеясының құрылғанына 20 жыл. Осы жылдар аралығында мақталы аймақтың экономикалық әлеуетін арттыруға, елдегі саяси тұрақтылықты сақтауда сіздердің үлестеріңіз ерекше, - деп атап өтті мәслихат хатшысы.

Мақтаарал аудандық мәслихаты хатшысының пікірінше, елдегі саяси тұрақтылықты сақтау  әрбір азаматтың міндеті десек, Мақтарал жұртының бұл тұрғыда ұпайы түгел.

Кездесу барысында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру, ынтымағы ұйысқан, біртұтас ел болу жайы сөз болды.

Мақтарал аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Пердеш Есенбековтің мәлімдеуінше, ауданда 60-қа тарта ұлттар мен этнос өкілдері тұрады, 5 мәдени ұлттық орталық тұрақты жұмыс істейді.

- Қазақ халқы осы этнос өкілдерімен тату-тәтті, тамырлас, тағдырлас өмір сүріп келеді, - дейді ол. 


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика