×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
22.08.2015 в 23:57

Ахыска түріктері қайырымдылық шараларынан шет қалмайды

Биыл - зайырлы  Қазақстан үшін ерекше жыл. Себебі 130-дан астам этнос өкілдерін бір шаңырақтың астына жиып отырған Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл толды. Татулықтың, ынтымақтың символына айналған Ассамблеяның құрметіне биылғы жылды Елбасының өзі «Қазақстан Халқы Ассамблеясының жылы» деп  бекіткен болатын. Осыған орай еліміздегі түрлі этномәдени орталықтар белсенділік танытып, көптеген іс-шаралар ұйымдастыруда. Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Ахыска» түрік мәдени орталығы да жиырма жылдық белеске қуанып, болашаққа көптеген жоспарлар түзуде.

Облыстағы «Ахыска» түрік мәдени орталығы қашан да  мәдени іс-шаралардың бел ортасында жүреді. Қайырымдылық шараларды жиі ұйымдастырып тұратын орталық жетім-жесірлерді, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды, ардагерлерді ұмыт қалдырған емес. Мәселен Ұлы Жеңістің 70 жылдығы аясында «ахыскалықтар» облыстағы майдангерлерге ақ дастархан жайып, концерт ұйымдастырып, көңілдерін бір серпілтті. Орталық  балалар үйінің тәрбиеленушілеріне базарлық жасауды да дәстүрге айналдырған. Жақында  Шымкент қаласындағы мүгедектерді оңалту орталығының емделушілеріне ас беріп, Шымшаһарға  тегін саяхат жасатты. Сондай-ақ Ұзынағаш қаласында орын алған апатқа байланысты облыстағы түрік халқы бір миллиондай қаржыны жинап бергенін айта кету керек. Одан бөлек орталықтың мүшелері Ордабасы ауданы, Сарыағаш қаласындағы жағдайға да бей-жай қарамай қол ұшын созды.  

Айта кетейік,  Оңтүстік Қазақстан облыстық түрік этномәдени орталығы 1998 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Латипша Асановтың айтуынша ахысха түріктері Қазақстанға өткен ғасырдың 40-жылдарында қоныс аударған. Дәлірегі, 1944 жылдың 14-16 қараша күндері Грузияның Ахысха аймағында тұратын түріктерді Кеңес өкіметі Орталық Азияға күштеп көшірген. Ахыскадан көшірілген түріктердің 40 мыңы Қазақстанда қалса, қалғаны Өзбекстан мен Қырғызстанға жер аударылған. Сонау Грузияның Ахысха жерінен жан-жаққа шашылған ахысха түріктерінің саны бүгінде дүние жүзі бойынша 550 мың адамнан асады. Әлемнің 11 елінде қоныстанған ахысха түріктерінің 200 мыңы Қазақстанда тұрады. Біздің елдегі олардың саны өзге мемлекеттермен салыстырғанда әлдеқайда көп.  Ахысха түріктері Қазақстанның оңтүстік аймағында, яғни Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында тығыз қоныстанған. Оңтүстік өңірдегі түріктердің басым көпшілігі ауыл және мал шаруашылығымен, сондай-ақ түрлі салаларда еңбек етіп келеді.

Бүгінде облысымыздағы ахысха түріктерінің саны 70 мың адам шамасында.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика