×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
23.08.2015 в 23:08

Өзбек руханиятының алтын діңгегі – театр

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сайрам ауданындағы өзбек театрының репертуарында тек өзбек драматургтарының ғана емес, қазақ, қырғыз, тәжік драматургтарының да айтулы шығармалары бар. Бұл туралы ОҚО өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Икрам Хашимжанов мәлім етті.

Оның мәлімдеуінше, театр репертуарында А.Жамалдың «Опасыз ақшалар», И.Зайырдың «Қарыз», Ә.Файзуллаевтың «Нан батыр» М.Әуезовтің «Абай», Д.Исабековтың «Ескерткіш» спектакльдері бар. Бұлар – өзбек әртістерінің қабырғасына тең келген сүбелі дүниелер.

- Театр ашылғаннан бастап, тәжірибе алмасу мақсатында Ташкенттен А.Хожакулиев, М.Мансуров, Қ.Садуллаев, А.Салимов секілді айтулы өзбек режиссерлерін шақырып, шеберлік сыныптарын өткіздік, - деп атап өтті И.Хашимжанов.

Этномәдени бірлестік төрағасының айтуынша, бүгінде өзбек театрының әртістері гастрольдік сапармен Алматы, Астана, Түркістан, Тараз қалаларында, облыс аумағындағы барлық аудандарда өнер көрсетіп келеді. 2014 жылы мамыр айында Әйтеке бидің 370 жылдығына орай Ташкентте өткен қазақ, өзбек халықтарының «Біз бір халықпыз» атты достық фестивалінде театр ұжымы Аброр Хидоятов атындағы өзбек мемлекеттік театрында С.Жұмағұловтың «Күйеуіңді бере тұр», И. Зайырдың «Қарыз» спектакльдерімен қатысып, үлкен марапатқа ие болыпты.

- Мұның бәрі, түптеп келгенде, қазақ елінде өзбек мәдениеті мен өнерін дамыту үшін еш кедергінің жоқ екенін тағы бір рет айғақтаса керек, - дейді ол.

Кең байтақ Қазақстанда қазақ ұлттық театрларымен қатар иық тірестіре орыс, ұйғыр, кәріс, неміс театрлары жұмыс істеп келсе, енді оның қатарын осыдан 12 жыл бұрын өзбек театры толықтырған болатын. Оңтүстік Қазақстанның киелі бір пұшпағы – Сайрам ауданында 2003 жылы шаңырақ көтерген өзбек драма театрының ашылу салтанатына Елбасының өзі қатысып, арнайы құттықтауы мен ақжарма тілегін арнаған болатын. 

- Бүгінгі таңда театрдың уығы бекіп, қабырғасы қатайып, әртістері едәуір тәжірибе жинақтады, - деп атап өтті ОҚО өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика