×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
25.08.2015 в 23:17

Өзбек халқында дәстүрге айналған іс-шаралар көп

Оңтүстік Қазақстан облыстық өзбек мәдени орталығы үшін жыл сайын өткізілетін, дәстүрге айналған іс-шаралар бар. Олар «Офарин», «Бәрекелді», «Балаларымыз – бақытымыз» секілді шаралар.  Бұл туралы өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы И.Хашимжанов мәлімдеді.

Оның айтуынша,  Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойы республикадағы өзге ұлттар өкілдерінің көптен күткен ұлық мерекелерінің бірі болған. Осы орайда өзбек этномәдени бірлестігі де аймақтағы, республикадағы қоғамдық маңызы зор мәдени-көпшілік шаралар мен форумдарға қатысып,  ешқашан тыс қалып көрген емес.

Жуырда, дәлірегі  қыркүйектің соңында қарай  облыс орталығында «Өзбек ұлтының күні» мейрамы жан-жақты аталып өтілмек.

- Бұған қоса жыл сайын дәстүрлі өткізіліп келе жатқан «Офарин», «Бәрекелді», «Балаларымыз – бақытымыз» атты шаралар өзге этностармен ынтымақтастықтың кепілі болса, «Бейбітшілік пен келісім» жол картасы аясында өткізілген «Достық дастарханы» фестивалі – өзбек ұлттық тағамдарын насихаттаудың ең оңтайлы жолы, - деп атап өтті ол.

Этномәдени бірлестік төрағасының  мәлімдеуінше, өткен жылы бұл фестивальға қатысқан 28 аспаздың ішінде көршілес Өзбекстаннан бірнеше кәсіби аспаз да арнайы қатысып, бақ сынапты.

- Сондай-ақ, біз дін, діл мәселесіне де немқұрайлы қарамаймыз. «Ислам және қоғам» атты арнайы бағдарламамыз қазіргі жастарымызды жат ағымдардан сақтандыру мақсатында ұдайы үгіт-насихат, ағартушылық жұмыстарын жүргізіп келеді, - деді ол.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика