×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
26.08.2015 в 23:22

«Достық» клубы - бірлік пен татулықтың ордасы

80 жылдық тарихы бар, еліміздегі жоғары оқу орындарының рейтингтік көрсеткішінде  үздік үштікке енген М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде өзгелерге үлгі боларлық бастамалар көп. Солардың бірі--оқу ордасында Кіші Студенттер Ассамблеясының жұмыс істейді. Оқу орнының бұрынғы басшысы, бүгінде Парламент Мәжілісінің депутаты, техника ғылымдарының докторы, профессор, академик Уәлихан Бишімбаевтің бастамасымен  құрылған Ассамблея бүгінде «Достық» клубы деп аталады.

Клубтың мақсаты--әр түрлі ұлт өкілдерінен тұратын студент жастарды біріктіру, өзге ұлттардың дәстүрін, мәдениетін және тілін құрметтеуге шақыру, студенттердің қоғамдық ұйымдарының арасында ұлтаралық қатынас бағытында жұмысының қарқынды жүргізілуіне атсалысу, халықтың бірлігін нығайтып, азаматтардың демократиялық нормаға негізделген саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыру және Қазақстан халықтарының мәдениетін, тілін және салт-дәстүрін сақтау және дамыту.

Клубтың төрайымы Диана Мирсиева: «Университет облысымыздағы іргелі оқу орындарының бірі болған соң  жылына мұнда көптеген ұлт өкілдері білім алады. Осындай клубтың барын естіген олар бізге көптеп келіп жатады.  Қазақ жастарының да клубқа деген қызығушылықтары өте жоғары»,- деді.

Университетішілік іс-шаралармен қатар облыс көлеміндегі жиындарға белсене қатысып жүрген клуб студенттерінің  мемлекеттік тілге деген құрметтері ерекше. Тілдері бөлек болса да өздері ұйымдастырған іс-шаралардың барлығын қазақ тілінде жүргізеді.  Олар қазақ тіліне жетік екендерін  Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтикалық Академиясында  өткен «Мемлекеттік тілдің үздігі» атты өзге ұлт өкілдері арасында өткізілген байқауда дәлелдей білген еді.  Сайыс барысында барлық сындардан үздік көрінген «Достық» тобы бас жүлдені иемденіп,  өз өнерлерімен, мемлекеттік тіл  игерудегі біліктіліктерімен көрермен қауымды тамсандыра білді.

«Достық» клубы облыс әкімдігі тарапынан қолдау тауып отыратыны да қуантады.  2012 жылдың жазында облыстық ішкі саясат басқармасы клуб мүшелерін Қазақстанда алғаш рет қолға алынған «Достық лагеріне» демалуға жіберіпті.  Ол жерде жастар тек демалып қана қоймай  әр жылда олар жалынды, білімді екендігін дәлелдеп қайтуда. Онда ұйымдастырылатын  түрлі тренингтергтерден,  спорттық жарыстардан, «Достық дастарханынан» ОҚМУ-дың  командасы өзгелерден озық шығып, жеңіс тұғырынан көрінуде.

«Достық» клубы, әсіресе,  Қазақстан халқы тілдерінің мерекесін ерекше атап өтеді. 

- Біздің басты мақсатымыз бір-бірімізді бөле-жарып қарамай, жастар ең бірінші қазақ халқының және өз ұлтының салт-дәстүрін, тілін, дінін, мәдениетін білсе екен дейміз. Барлығымыз бір шаңырақтың астында өмір сүріп жатқандықтан арымызда келіспеушілік, қызғаныш сезімі, ұрыс-керіс болмауы тиіс. Бір бірінің тіліне қызығып, бір-екі сөз болса да әр тілді үйреніп жүретін студенттер де бар. Осы клубтың жұмысына әркез бас-көз болып, университеттің ішінде ғана емес облыстық, республикалық ісшараларға қатысуға жағдай жасап отырған ректорымыз, техника ғылымдарының докторы, профессор Жұмахан Үшкемпірұлына рахмет. Уақытының тығыздығына қарамастан ол кісі бізбен жиі кездесіп, ұсыныс-тілектерімізге құлақ түріп тұрады,- дейді Диана Русланқызы.     

«Достық»  клубы – белсенділер мен адалдыққа жаны құмар, әркез достық қолын ұсынуға ынталы жалынды да жігерлі жастар тобы. Жер-жаһанға бейбітшіліктің үлгісін көрсетіп отырған Қазақ елінде, оның ішінде ОҚМУ-дың ұлттар арасындағы татулық пен жарасымдылықтың ұйытқысы болып отырғаны қуантады.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика