×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
27.08.2015 в 23:24

«Замандашлар» - татарлардың мақтанышы

Оңтүстік Қазақстан облысындағы татар-башқұрт этномәдени орталығының жанынан құрылған «Замандашлар» ансамблінің  татар тілінде ән салып, осы ұлттың салт-дәстүрін, ұлттық музыкасын насихаттап келе жатқанына 37 жыл болыпты. Ансамбльді алғаш құрған Муддарис Ульданов болатын. Қарапайым жүргізуші болып жүрген Муддаристің асқақ арманы музыка еді. 1970 жылдары ол кәсіби, талантты музыкант Рафаэль Шайдуллинмен танысып, екеуі бүгінде аты аңызға айналған «Замандашлар» ансамблінің негізін қалайды.

Алғашқыда әр ғимаратты паналап, шатырында ән салып жүргенімен уақыт өте келе ансамбльдің ел алдында беделі артып, сұранысқа ие топтардың  біріне айналады. Құрамы да толыға түседі. Бишілерді де өздеріне тартады.

Сексенінші жылдары қалада әр жұмада тұрғындар орталық саябақта ансамбльдің ұйымдастыруымен өтетін  «Татар жомга кичляре» кешін асыға күтетін болды.  «Замандашлар» тәуелсіздік жылдарынан кейін татар-башқұрт этномәдени орталығының іс-шараларынан қалмай, орталықтың атын асқақтата түсті.  2013 жылы  35 жылдық мерейтойын атап өткен аға буын өкілдері құрған «Замандашлар» көркемөнерпаздар ансамбліне Татарстан Республикасының еңбек сіңірген мәдени қызметкері, саз колледжінің оқытушысы, кәсіби музыкант Рамиль Мубараков жетекшілік етеді. Ансамбль мүшелері Гулшат Сибгатулина, Файруза Шакирова, Равиля Хакимова ұзақ жылдан бері осы өнер ұжымында халық әндерін шырқап келеді.  Татар мәдениетін дамытуға ансамбльдің қосқан үлес мол екені анық. Бүгінгі таңда мәдени орталықтың жанына құрылған «Умирзая» балалар ансамблі де көпшіліктің көңілінен шығуда.

Облыстағы татарлар мен башқұрттардың басын қосқан Оңтүстік Қазақстан облыстық татар-башқұрт этномәдени орталығы 1994 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Орталықты Саима Акбердиева басқарады. Әр жылы көктемнің соңы мен жаздың басында орталық Сабантуй мерекесін атап өтуді дәстүрге айналдыраған. Облыстан бастау алатын Сабантуй республикалық Сабантуйға ұласып, халықаралық деңгейде тойлаумен жалғасады. Сабантуй мерекесі тоң жібіп, жыртылған жерге тұқым себіліп, егіннің бас-талу құрметіне арналады. Саима Нажипқызының айтуынша татар жастарының дені Қазақстанның ЖОО-да оқып жатыр.  Жыл сайын Татарстандағы Қазан университеті облысымыздан 2-3 жасты оқуға қабылдайды екен. Құжат тапсыру онлайн тәртіпте жүреді. Интернет арқылы орыс тілінен тест тапсырады. Қалған сынақтарын сонда барып өтеді. Қазан университетіне шетелден жастарды оқуға қабылдаудың басты шарты, әр жас оқуын тәмамдағаннан кейін өз еліне барып еңбек етуі міндетті. Осылайша, Қазан университетінде білім алған татар жастары Қазақстанға қайта оралады. Этномәдени орталық жанында жексенбілік мектеп жұмыс істейді. Онда татар тіліне оқытады.

Айта кетейік, Қазақстанда 240 мың шамасында татар бар. Башқұрттардың саны 20 мыңға жуық. Олар Алматы мен Қарағанды қалаларында және Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан мен Шығыс Қазақстан облыстарында жиі шоғырланған. Еліміздің барлық облыстарында татар-башқұрт этномәдени орталығы құрылған.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика