×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
29.08.2015 в 23:32

«Қазақтың жерінде жүрген соң оның тілін білмеу ұят»

Оңтүстіктегі армян ұлтының жексенбілік мектебінің ашылғанына қыркүйек айында 4 жыл толғалы отыр.

Содан беріде жексенбілік мектебінің дәрістері аптасына бір рет өткізіледі. Оқу орталығы кіші және ересектер тобы деп екі топқа бөлінген. Кіші топқа балалар жеті жастан он алты жасқа дейін, ал ересектер тобына  он жеті жастан ары қарай қабылданады.  Ашылғанына бір-ақ жыл уақыт болса да мұнда келушілер көп екен. Тек армян ұлтынан ғана емес, өзге ұлт өкілдері де келіп армян тілін оқуға ниет білдіретін көрінеді. Дәрістерді білікті ұстаздар жүргізеді. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық армян этномәдени бірлестігінің төрайымы төрайымы Наира Майтарханқызы мәлім етті. 

Төрайымның мәлімдеуінше, армян ұлтының жексенбілік мектебінің бір ерекшелігі -мұғалімдер үш тілді жетік меңгергені. Яғни өз ана тілдерін, қазақ тілі және орыс тілін біледі. Сондықтан, балаларға үш тілде де дәрісті оқыта алады. Армян этномәдени орталығының төрайымы Наира Майтарханқызы  Елбасының Жолдауына байланысты Арменияда өткен көрмеге Қазақстанды, оның тарихын таныстыруға барған кезде оқуға керекті кітаптардың барлығын өз қаражатына арнайы алып келген екен.

«Алғаш мектеп ашылған кезде балаларды қолда бар оқулықтармен оқыттық, жан-жақтан сұрастырдық, интернеттен қарадық. Оқулық жағынан кішкене қиналдық, кез-келген істің бастамасы қиындықпен басталады емес пе? Бірақ  қазір барлығы түгелденді»-, дейді ол.

Ресми деректер бойынша Оңтүстік Қазақстан облысында 1507 армян отбасы. Ал, Армян этномәдени орталығы 2003 жылы жұмыс істей бастаған. Орталық  армян халқының санына байланысты шағын болғанымен, ауқымды шаралар өткізіп келеді. Жыл сайын барлық мерекелік іс-шараларға қатысып, өзге этномәдени орталықтармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп, қарттарға, мүгедек жандарға, ардагерлер мен аз қамтылған отбасыларға қамқорлық көрсетіп келеді. 

Орталыққа Ұлттық ассамблеядан қазақ тілін оқытуға  арналған оқулықтар мен дискілер де берілген. Төрайымның айтуы бойынша, жексенбілік мектепте тек армян тілін ғана емес, сонымен қатар ересек топтарға қазақ тілін оқыту да қолға алынған екен. Ересек тобына оқытылу себебі, кіші топтағылардың барлығы - мектеп оқушылары. Оларға мектепте қазақ тілін міндетті түрде оқытады. Ал ересектер арасында қазақ тілін біреу білсе, біреу білмейді. Сондықтан, тек ересектерге қазақ тілі оқытылмақ.

«Мемлекеттік тілімізді меңгеруге ниет білдіргендер көп.  Қазақ тіліне қатты қызығамын. Білесіздер ме, Қазақстанда тұрғаннан кейін тек қана тілді оқытып қана қоймай айына бір күнді белгілеп, қазақтың тарихымен, салт-дәстүрін, әдебиетімен таныстырып, оқытып тұрамыз. Себебі өзге ұлттар қазақ жерінің ауасымен тыныстап, нанын жеп жүргеннен кейін оның тарихын, салт-дәстүрін, тілін білмесе мұны ұят деп санаймын»,- дейді Наира Мовсисян.  

Наира Майтарханқызының Қазақстанға Армениядан көшіп келгеніне биыл 20 жыл болыпты.«Бірінші келгенімде тек армян тілін білетін едім. Қазақ немесе орысша бір ауыз сөз түсінбейтінмін. Қазақ тілін меңгеруді әр адам өзінен бастау қажет» дейді ол. 


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика