×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
01.09.2015 в 23:11

«Ырыс алды — ынтымақ» қоғамдық форумы өтті

Арыс қаласындағы мәдениет үйінде кезекті  VIII «Ырыс алды – ынтымақ» қоғамдық форумы өтті, - деп хабарлады Арыс қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Басқосуға қала әкімінің орынбасарлары, мәслихат депутаттары, құқық қорғау саласының басшылары, қалалық, ауылдық округ ардагерлер кеңестерінің төрағалары мен ақсақалдары, ақ жаулықты аналар, дін және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, этномәдени орталықтардың жетекшілері, зиялы қауым, саяси партиялар, БАҚ өкілдері қатысты.

«Тәуелсіздік қуатым – Мәңгілік ел мұратым» тақырыбында өткен қоғамдық форумда қала әкімі Сейіт Мырзақұлұлы баяндама жасады. Сонымен қатар, қалалық татар-башқұрт этномәдени орталығының жетекшісі Расиль Ахмедзияұлы, ардагер ұстаз Қасқарбек Әбілұлы, жастар атынан Дәулет Мақсатұлы сөз алып, ой-пікірлерін білдірді.

Аталмыш іс-шараны форум хатшысы Қ.Балқыбеков жүргізіп отырды.

– Халқымызда «Бірлігі күшті ел озады, бірлігі жоқ ел тозады» дейді. «Ырыс алды – ынтымақ» форумының елдің басын біріктіріп, ынтымаққа біріктіруде алар орны ерекше болып келеді, – деп атап өтті форум хатшысы Қ.Балқыбеков.

Арыс қаласы әкімдігі жанындағы «Ырыс алды – ынтымақ» қоғамдық форумы – қала және ауылдық округ жұртшылығының бірлігін нығайту, мемлекеттік ұлтаралық, дінаралық келісім жөніндегі саясатты жүзеге асыруға үлес қосатын жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қоғамның қарым-қатынасының тиімділігін арттыру мақсатында құрылған институт.

– Біз қазіргі алтын заманымыздың қадіріне жетуіміз керек. Мынау айналамызда болып жатқан саяси да экономикалық дағдарыстарды көріп, «Біреуін көріп шүкір қыл, біреуін көріп пікір қыл» деген сөзді айтқым келеді. Біз бүгінгі таңда осы кең байтақ дархан даладағы тыныштыққа шүкір қылуымыз керек, – деді Арыс қалалық татар-башқұрт этномәдени орталығының жетекшісі Расиль Ахмедзияұлы.

Форум барысында ел бірлігі мен ынтымағы, ұлттық және дінаралық татулық, жас ұрпақ тәрбиесі мен жастар саясатын жүзеге секілді өзекті мәселелер кеңінен қозғалды.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика