×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
02.09.2015 в 23:27

Толеранттылықтың маңызы артып келеді

Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы ОҚО  ішкі саясат және дін істері басқармасымен бірлесе отырып М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде  «Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

– 2015 жыл  ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы болды.  Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын ерекше атап өттік. Елдігімізді, мемлекеттігімізді паш ететін  Қазақ хандығының 550 жылдығы түрлі шаралармен тойлануда. Осындай маңызды даталарды атап өтуде біздің университет те тысқары қалып жатқан жоқ. Ең бастысы, жастарымыздың белсенділігі жоғары, – деді жиында аталған оқу орнының ректоры, техника ғылымдарының докторы Жұмахан Мырхалықов.

Жиынға арнайы қатысқан облыс әкімі аппараты басшысының  орынбасары, облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы хатшылығының жетекшісі Мұратәлі Қалмұратов көпшілікті құттықтай келе:

– Қазақстан халқы Ассамблеясының мәртебесі бұрынғыдан да жоғарылап келеді. Еліміздегі саяси-идеологиялық, тәрбие жұмыстары Ассамблеяға жүктелуде. Елбасының тікелей тапсыруымен барлық облыстарда «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемелері құрылды. Біздің  облыста да дәл осындай «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесі құрылып, қазіргі таңда онда 72 қызметкер жұмыс істеуде. Соның ішінде Сайрам, Сарыағаш, Мақтарал, Төлеби секілді көпұлтты аудандарда үш штат бірлігі беріліп, аталған мекеменің филиалдары ашылды, –деді.

Осы тақырыпты одан әрі ОҚМУ-дың «Қазақстан Халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Ғаппар Қазыбекұлы өрбітті. Ол көпсалалы  мамандарды даярлап отырған ОҚМУ-ды көпұлтты оқу ордасы деп атауға болатынын атап өтті. Бірнеше этнос өкілдері білім алып жатқан университетте бүгінгі таңда достықты нығайтып отырған «Достық» клубы жұмыс істейді. Сонымен қатар «Қазақстан Халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасының да студенттер үшін орны бөлек. Кафедраның мақсаты – әр ұлттың студент жастарын біріктіру және топтастыру, толеранттылықты сақтау,  тілге,  мәдениетке, бір бірінің салт-дәстүріне  құрмет көрсету,  әр ұлттың мәдениетімен таныстыру, басқа ұлт өкілдерінің көзқарасымен санасу және түсіну мүмкіндіктерін дамыту болып табылады.

Басқосуда облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасының, облыстық әділет департаментінің және өзге де заң ғылымдарының мамандары баяндама оқыды. Конференция жұмысынан  студенттер де тысқары қалмай, өз ойларын ортаға салды.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика