×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
04.09.2015 в 23:50

Шымкентте «Менің Қазақстаным» фестивалі өтті

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Шымкент қалалық ішкі саясат бөлімі, облыстық татар-башқұрт этномәдени бірлестігі өкілдерінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласындағы «Оқушылар сарайы» ғимаратында Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына орай түрлі этнос өкілдерінің арасында «Менің Қазақстаным» фестивалі өтті, - деп хабарлады ОҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ- нің баспасөз қызметі.

Фестивалдің негізгі мақсаты — облыс тұрғындары арасында халықтық әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерді насихаттау, түрлі этнос өкілдері жастарына мемлекеттік тілді насихаттау және оларды патриотизмге тәрбиелеу, этносаралық қатынас пен келісімді нығайту.

Фестивальге барлығы 25 үміткер қатысты. Ереже бойынша байқауға кәсіби орындаушылар емес, әуесқой орындаушылар қатысып, жанды дауыста өнер көрсетті. Қазылар алқасының шешімімен бірінші орынды «Ұлттық ән» номинациясы бойынша өзбек этномәдени бірлестігінен қатысушы Махкамов Аброр және «Ұлттық би» номинациясы бойынша түрік этномәдени бірлестігінің би тобы жеңіп алды. Екінші орынды «Әжелер» ансамблі мен жеке орындаушы Жақсыбай Оңалбекұлы алса, үшінші орынды поляк этномәдени бірлестігінен Пампуров Владислав пен ардагерлер хоры иеленді.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Е.Байқонақов фестивальді қорытындылап сөз сөйлеп, жеңімпаздарға арнайы дипломдар, алғыс хаттар, бағалы сыйлықтар табыс етті. Сонымен қатар, қатысушылардың барлығына ынталандыру сыйлықтары берілді.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика