×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
05.09.2015 в 23:37

Біртектілік пен бірліктің жаңа кезеңі

Оңтүстік Қазақстан облысында Ассамблея хатшылығы мен  «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен «ҚАЗАҚТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ 20 ЖЫЛЫ — БІРТЕКТІЛІК ПЕН БІРЛІКТІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ» тақырыбында «дөңгелек үстел» мәжілісі өткізілді.

Облыстық ассамблея хатшылығының, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлерінің, облыстық этномәдени бірлестіктер басшылары мен оқытушы-ғалымдар қатысқан іс-шараны хатшылық меңгерушісі М.Қалмұратов жүргізіп отырды.

Басқосуда М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі Ғ.Маймақов баяндама жасады. 

—Ұлт бірлігін қамтамасыз ету демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құрудың маңызды шарты. Ал, тәуелсіздікті сақтау және мемлекеттілікті нығайту — ұлттық бірлігіміздің басты ұстанымы, өмірлік қағидаттарымыз болуы шарт, - дей келе Ғ.Маймақов, бірлік ел келешегінің кемелдігіне кепіл екендігін атап өтті.

«Ынтымақ» этномәдени бірлестігі төрайымының орынбасары Л.Әлсейітова, облыстық татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрайымы А.Мухамедова жарыссөзге шығып, өз пікірлерін білдірді.

Сонымен қатар, «Ынтымақ» этномәдени бірлестігінің өкілі, Ы.Алтынсарин атындағы №65 гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Әлсейітова өз баяндамасында бірлік, патриотизм ұғымдарының бастауы білім ұясынан басталатынын ерекше атап өтті.

— Ұлтаралық келісім — мемлекетіміздің басты құндылықтарының бірі. Елбасының бұл жаңа бағдарламасы сөз жоқ жұртшылықтың қолдауын табады. Ең бастысы, оны жергілікті жерде орындауға мүдделі органдар алдыңғы қатардан көрінсе дейміз. Себебі, бүгін істейтін істі ертеңге ысырып қоятындар да бар ғой. Ендеше біз бәріміз ортақ мүдде жолында қызмет істеуіміз керек», — деді Л.Әлсейітова.

Ұлт жоспарында азаматтық біртектілікті нығайту үшін «Менің елім» ұлттық жобасын әзірлеу, «Қазақстан энциклопедиясы» кең көлемді интернет жобасын құру жөнінде айтылған. Бұл істерді жүзеге асыруға этномәдени орталықтар өз үлестерн қосуды көздеп отыр. Тәуелсіз Қазақстанның басты байлығы – ұлтаралық татулығы. Достығын ту етіп биік асуларды бағындырған халық болашағы біртұтас елге айналуды көздейді. Бұл жолда Ұлт жоспары басты бағдар, дейді бүгінгі шараға қатысушылар.

Соңынан «дөңгелек үстел» мәжілісінің үндеуі қабылданды.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика