×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
06.09.2015 в 23:06

Басты қағида – ынтымақ пен бірлік

Оңтүстік Қазақстан облысында 5 институционалды реформаны жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын халыққа насихаттау және түсіндіру бойынша құрылған ақпараттық топ Арыс қаласының халқымен кездесті, - деп хабарлады  Арыс қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Кездесуді қала әкімі С.Ертай ашып, жүргізіп отырды. Жиынға мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері, мекеме, бөлім басшылары, статистика басқармасының қызметкерлері, қаламыздағы этномәдени орталықтарының мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен ардагерлер кеңесінің мүшелері, қала тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Елбасымыздың «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» бағдарламасының маңыздылығына тоқталған облыстық ақпараттық насихаттық топ мүшесі, облыс әкімінің орынбасары Е.Садыр Мемлекет басшысы ұсынған «100 қадамды» егжей-тегжейлі баяндап, әр қадамның маңыздылығына тоқталды.

Сондай-ақ, ақпараттық насихаттық топ мүшелері облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Ә.Сапарбеков, облыстық қаржы басқармасы басшысының орынбасары Г.Морозова, облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасы басшысының орынбасары Ж.Бектаева «Ұлт болашағы 100 қадам» – тақырыбын түсіндіру мақсатында баяндама жасады.

- Кез келген мемлекеттің өркендеуінің басты қағидасы ол – ынтымақ пен бірлік. Қазақстан көп этносты мемлекет болғандықтан, Ассамблеяның еліміз үшін маңызы зор. Ассамблеяның ұстанған басты бағыты – елiмiздi мекен еткен барлық этностарды ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, елiмiздегi тұрақтылықты сақтау мен оның дамуына үлес қосу, - деп атап өтті Г.Морозова.

Арыс қаласы «Тайма» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Т.Әлжігіт, «Темір жол» колледжінің құрылтайшысы А.Бердімбет  жарыссөзге шығып  ұсыныс-пікірлерін айтты.

Жиын соңы сұрақ-жауапқа көшіп, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өткен бес институттық реформа шеңберіндегі «Ұлт жоспары — 100 нақты қадам» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері төңірегінде пікір таласқа ұласты.

Арыс қаласының әкімі С.Ертай облыстан келген жұмысшы топ мүшелеріне қала тұрғындарының атынан алғыс білдіріп, мәжіліске қатысушыларға ұсыныстарын қала әкімдігіне жолдауға болатындығын, ұсыныстардың өз кезегінде облысқа жолданатындығын түсіндіріп, жиынды қорытындылады.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика