×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
09.09.2015 в 23:26

"Мəңгілік елге - жастармен" форумы өтті

Сарыағаш ауданының әкімі Бұқарбай Парманов Тегісшіл ауылдық округіндегі Торайғыров орта мектебінің акт залында "Мəңгілік елге - жастармен" атты форумында аудан жастарымен кездесті, - деп хабарлады Сарыағаш ауданы əкімінің баспасөз қызметі.

Аудан әкімі форумда «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруда жастарға үлкен міндет жүктеліп отырғанын атап өтті.

- Елбасымыз Мәңгілік Елге бастайтын, абыройлы әрі мәртебелі жолды жалғастыратын жастарға зор сенім артып отыр. Өйткені, Отанымыздың болашағын баянды етіп, аға буын салып кеткен сара жолды жалғастыратын – жастар! Сондықтан, әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену жолында аянбай еңбек етіп, Қазақ Елін төрткүл дүниеге таныту – тікелей жастардың қолында! Ұлт Көшбасшысының, ел ертеңі жастарға көбірек жүгіне сөйлеуі – осының айшықты дәлелі. «Бұл Стратегия Сіздерге арналған. Оны жүзеге асыратын да, жемісін көретін де сіздер. Елдің болашағын бірге жасаңыздар!» деген Елбасы Қазақстанның болашағын жастармен байланыстырады. Бүгінде республикамыздың әрбір екінші тұрғыны 30 жасқа толмаған өскелең жастар. Жас буын өкілдеріне арналған мемлекеттік бағдарламалар сәтті жүзеге асуда. Сіздер өз білімдеріңізбен, жаңашылдыққа деген құштарлықтарыңызбен осы мұратқа лайық болуға, соның талабына жауап беруге тиіссіздер, - деді аудан әкімі.

Форумға аудандағы түрлі ұлттың жастары қатысып, белсенді кəсіпкер жастар  өздерінің көрмелерін қойды. Аудан əкімі көрмелерді аралап жастарға осындай бағыт бағдармен жұмыс істеу керектігі жөнінде айтып, босқа уақыт өткізбей еңбек ету қажеттігін түсіндірді.

Аудан жастары туралы бейнефильм көрсетіліп, аудандық жастар орталығының директоры баяндама оқыды. Белсенді жастар өз ұсыныстарын айтып аудан əкімімен ой бөлісті. Іс-шараның соңы концерттік бағдарламаны тамашалаумен жалғасты.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика