×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
10.09.2015 в 23:38

Үздік отыздыққа апарар «100 нақты қадам»

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев ұсынған «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарының «Бірлік пен біртектілік» деп аталатын 4-ші реформаның мән-мағынасын түсіндіру, сондай-ақ мемлекеттік ұлттық саясаттың негізгі бағыттарын насихаттау, этносаралық келісім мен толеранттылықты одан әрі нығайту  бойынша мемлекеттік және қоғамдық азаматтық институттарының өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру мақсатында Арыс қаласына ОҚО әкімі аппаратының Ассамблея хатшылығы өкілдері келді, - деп хабарлады Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Қаладағы мәдениет үйінде қала тұрғындары, ҮЕҰ мен этномәдени орталық өкілдерінің қатысуымен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуді қала әкімінің орынбасары Бақтығали Ділдәбеков жүргізіп отырды.

Облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары — Аассамблея хатшылығының меңгерушісі Мұратәлі Қалмұратов, облыстық «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Ербол Байқонақов бірлік пен біртектілік туралы  баяндамалар жасады.

- Біздер бұрынғы қаурыт жұмыстарды одан әрі жалғастыра береміз. Қазір «100 нақты қадам» ұлттық жоспарды талқылау бойынша тығыз жұмыстар атқаруымыз қажет. Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы ғылыми-сараптау қауымдастығы осы Ұлттық жоспарды дәйекті талқылап, осыған орай біздер өз ұсынысымызды береді деп үміт артады. Жоспардың нақты өмірде жүзеге асуы біздер үшін аса маңызды. Әлемдік дағдарыс әзірге тоқтамай, қайта күшейе түсуде. Бәсекелестік өршіп тұрған және сынақтар жағдайында біздерге тек қана аяқта тұрып қалумен бірге даму үшін жаңа ынта алу қажет. Сол себепті біздің Президент халыққа ұсынып, ал оның Ұлттық жоспары әрбір адамға жеткізілуге тиісті, - деп атап өтті М.Қалмұратов.

Кездесу барысында облыстық татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрайымы Ася Мухамедова мен осы бірлестіктің төрайымының орынбасары Сайма Ақбердиева өзге ұлт өкілдерінің тілінің, дінінің, мәдениетінің, салт-дәстүрінің сақталып, насихатталуына елімізде барлық жағдайлар жасалғанын, Ассамблеяның Қазақстанда ұлтаралық келісімді сақтаудағы рөлі зор екенін атап өтті.

- Бұл елімізде  құрылған бірегей институт және басқа елдер үшін үлгі болып табылады, - деді Ася Ирикқызы өз сөзінде.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика