×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
13.09.2015 в 23:07

Ақпараттық топ Ұлт жоспарын насихаттап жүр

Президенттің «100 нақты қадам»  Ұлт жоспары қоғамда қызу талқыланып келеді. Бірнеше мәселені қозғайтын жоспарды насихаттау жұмысы бүгінде әр өңірде жүзеге асырылып келеді. Бұған Оңтүстік Қазақстан облыстық Ассамблея хатшылығы да өз үлесін қосып келеді. Бірнеше аптадан бері облыстағы аудандарды аралап жүрген ОҚО Ассамблея хатшылығы жанынан құрылған ақпараттық-насихаттық топ Сарыағаш ауданының Біртілек, Абай, Жібек жолы, Дербісек ауылдық округтерінде болды.

Елбасының халыққа арнаған Жолдауын жəне 5 институционалды реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын түсіндіру жұмыстарын топ мұнан кейін  Арыс қаласында жəне қалаға қарасты Ақдала, Қожатоғай ауылдық округтерінде жалғастырды.  Құрамында облыс əкімі аппараты басшысының орынбасары - облыстық Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Мұратәлі Қалмұратов, облыс əкімі аппаратының "Қоғамдық келісім " коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  басшысы Ербол Байқонақов жəне облыстық татар - башқұрт этномəдени бірлестігінің төрайымы Ася Мухамедова, оның орынбасары Саима Ақбердиева бар жұмыс тобы " 100 нақты қадам " Ұлт жоспарының " Біртектілік пен бірлік " IV реформасын түсіндіру мақсатында жергілікті тұрғындармен кездесті. 

Кездесу барысында М.Қалмұратов Жолдаудағы халықтың ауызбіршілік, ынтымақтастығын арта түсетін тармақтарына тоқталып өтті. Сондай-ақ  тұрғындардың көкейіндегі сауалдарына жауап берді. Насихаттық топтың өзге де мүшелері өз баяндамаларын көпшілікке ұсынды.

Бүгінгі таңда аталған жұмыс тобы 9 ауданды, 53 елдімекенді қамтыды. Басты мақсат - жергілікті жерлердегі тұрғылықты халыққа мемлекеттік этносаясатты түсіндіру жəне насихаттау болып табылады.  Сұрақ - жауап түрінде өрбіп, тиісті дəрежеде өткізіліп келе жатқан кездесулер алдағы уақыттарда жалғасын табатын болады.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика