×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
15.09.2015 в 23:36

Ассамблеяға арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

«Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясына – 20 жыл». Осындай атаумен Мұхтар Әуезов атындағы  Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Алқалы жиында Ата заңның асқаралы асуы мен ел бірлігін сақтаудағы ассамблеяның жетістіктері сөз болды.

- 20 жылдың көлемінде біздің дамуымыз, экономикалық саяси ахуалымыз осындай жетістікке жетуіміздің барлығы да осы конституцияның дұрыс қабылданғаны деп түсінеміз. Қоғамның дұрыс дамуы. Азаматтардың өз құқықтарына ие болуы. Және біздің ҚР конституциясында белгіленгендей зайырлы құқықтық мемлекет ретінде орнықтыратындығы нақты көрсетілген. Құқық барлығынан жоғары тұратындығы айқын көрініп тұр. 20 жыл. Аз да, көп те емес. Дегенмен, жалпы ұлттық идеямен – мәңгілік ел болуға ұмтылудамыз. Болашаққа бағытталған - 100 қадамды іске асырудамыз. Осылайша,  Егемендігі еңселі, Тәуелсіздігі тұғырлы, саяси тұрақтылығы орныққан көпұлтты мемлекетке айналдық, - деді Мұратәлі  Қалмұратов, ОҚО әкімі аппараты басшысының орынбасары.

Жиынға қатысушылар жеткен жетістіктерді, бағындырған белестерді бағамдады. Ата Заңымызды құрметтеп қорғау басты талаптардың бірі екендігі бұқараға баяндады.

- Ассамблея «100 нақты қа­дам» Ұлт жоспарын іске асыру жұ­мыстарына белсенді атсалы­сатын болады. ҚХА қызме­тінің аталған құжаттың барлық бөліміне қатысы бар. Бес инс­ти­туттық реформаның ішінде, әсіресе, «Біртектілік пен бірлік» атты төртінші бөлігін жеке атап өтер едім. Мысалы, 86-қадамда «Үлкен ел – үлкен отбасы» кең көлемді жобасын әзірлеу және жүзеге асыру міндеті көзделген. Бұл ауқымды жобада қа­зақстандықтардың біртекті­лігін нығайта түсетіні және аза­мат­тық қоғамның тұтастығын қалып­тастыру үшін жағдай туғыза­тыны атап көрсетілген. Бүгінгі таңда Қазақстан алдында жаңа міндеттер тұр, ішкі, сол сияқты сыртқы сын-қатерлерге лайықты жауап беру қажеттігі туындап отыр. Бұл ретте, қоғам мен мемлекеттің үйлесімді дамуын қамтамасыз ететін тұрақтылық пен бірлік бас­ты фактор ретінде қала бермек. Сондықтан да уақыт алға басқан сайын Ассамблеяның рөлі өсе беретінін заңдылық деп білеміз, - деді М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың ректоры Ж.Мірхалықов.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика