×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
16.09.2015 в 23:42

Өзге ұлттардың 69 пайызы қазақ тілін біледі

Халқы тығыз қоныстанған Оңтүстікте жүзден астам ұлт тұрады деп есептеледі. Облыстағы 2 621 523 адамның 72,6 пайызын қазақ ұлты құрайды. Қазақ ұлтынан кейінгі үлкен диаспора – өзбектер, олар – 16,5 пайызды, орыстар – 5,1 пайызды, тәжіктер – 1,2 пайызды, әзірбайжандар 1,1 пайызды құраса, қалған 3,5 пайызы – өзге ұлт өкілдері.  Өзге ұлт өкілдерінің 83,4 пайызына мемлекеттік тілді және өз ана тілдерін оқып-үйренуіне толық жағдай жасалған. 20 этномәдени орталықтың төрағаларымен өзара қарым-қатынасты нығайту мен іс-шаралар өткізу жөніндегі меморандумға қол қойылған. Өзге ұлт өкілдерінің 69 пайызы мемлекеттік тілді меңгерген. Мемлекеттік қызметшілердің 95,6 пайызы мемлекеттік тілде іс-қағаз жүргізе алады. Бұл туралы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің конференц-залында «дөңгелек үстелде» айтылды.

Оңтүстіктегі этномәдени бірлестік төрағалары  мен Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері «дөңгелек үстел» басында ҚХА-ның ХХII сессиясында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру жайын талқылады. «Мәңгілік ел: жасампаз еңбек, бейбітшілік пен келісім – ортақ құндылық» тақырыбына арналған жиында  ҚХА ОҚО хатшылығы жанындағы ғылыми-сараптамалық топтың мүшелері, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің ғалымдары С.Қорғанова мен С.Кәрібаев  баяндама жасады. Алғашқысы «Мәңгілік елді» қалыптастырудағы басты бағыттар туралы ойын ортаға салса, екіншісі Қазақстан халқы Ассамблеясының өткені мен бүгіні, болашағы туралы сөз қозғады.

ҚХА-ның ХХII сессиясында Мемлекет басшысы – Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Н.Назарбаев бес халықтық реформаны  жүзеге асыруда Ассамблея мүшелерінің маңызды рөл атқаруы тиістігін айта келе, олардың алдына бірқатар міндеттер қойған болатын. Сол міндеттердің бірі – өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру. ҚХА ОҚО хатшылығы жанындағы  ғылыми-сараптамалық топтың төрайымы, педагогика ғылымдарының докторы А.Қалыбекова бала тәрбиесі жайына тоқталды. «Әрбір отбасы баланы татулыққа,бірлікке кішкентай кезінен тәрбиелеуі керек» деді ол. Педагог-ғалым осы орайда жастар арасында ұлтаралық қатынастарға қатысты түрлі байқаулар ұйымдастыру, лингвистикалық лагерьлер ашуды ұсынды. Сонымен қатар, Ассамблея мүшелерін телеарналардағы теріс тәрбие беретін ақпараттар мен бағдарламалардан тазартуға күш салуға шақырды.

Облыстық татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрайымы С.Акбердиева, «Южный Казахстан» газетінің тілшісі А.Масалева мен М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының  меңгерушісі Ғ.Маймақовта өз ұсыныс-пікірлерін білдірді.

ҚХА-ның Оңтүстік Қазақстан облыстық хатшылығы ұйымдастырған  «дөңгелек үстел» мәжілісіне этномәдени бірлестіктер төрағалары, ассамблея жанындағы ғылыми – сараптамалық топ  және Аналар кеңесі мүшелері, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты жанындағы бейбітшілік, қоғамдық келісім және этносаралық келісім мәселелері жөніндегі «Ел бірлігі» депутаттық тобының өкілдері мен жастары қатысты.

 «Дөңгелек үстел» мәжілісіне қатысушылар жиын соңына қарар қабылдап, облыс тұрғындарын Елбасы ұсынған бес халықтық реформада, «Қазақстан -2050» стратегиясында, «Нұрлы Жол» бағдарламасында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыруда белсенділік танытуға шақырды.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика