×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
17.09.2015 в 23:47

Бірлік пен біртектілік - мәңгiлiк құндылықтар

«Тарихи деректердi тарқатып айтар болсақ, сталиндiк қуғын-сүргiн жылдары 800 мың немiс, 102 мың поляк, Солтүстiк Кавказ халықтарының 550 мың өкiлi, Қиыр Шығыстағы 75 мыңдай корей елiмiзге жер аударылды. Қазақстан соғыс жылдары эвакуацияланған 350 мың адамға, тың игеруге келген 1,5 миллион адамға да пана болды. Жалпы алғанда, айналасы 50 жылдың шамасында Қазақстанға өзге ұлттардың 5,6 миллион адамы қоныс аударды». Бұл туралы ОҚО қоғамдық-саяси «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жазылды.

«5,6 миллион адам – 5 миллион 600 мың тағдыр. Олар қазақ топырағына өз еркiмен, жаман ой, бұзық ниетпен, басқыншылық мақсатымен келмедi. Олар да өз елiнiң қарапайым азаматтары едi. Олар да өздерiнiң атамекенiн, туған жерiн сүйетiн-дi. Бiрақ тоталитарлық жүйе оларды мәжбүрлеп жер аударды. Оларды тағдыр айдап келдi. Ата-бабаларымыз, ата-әжелерiмiз мұны тереңнен түсiндi» дейді газет тілшісі өз мақаласында.

Газеттің жазуынша, қазақ халқының басына келген бүкiл қайғы-қасiреттiң себепшiсi - сырттан келген қарапайым адамдар емес, саяси жүйелер. «Басына күн туып, жат жерде сергелдеңге түсiп жүргенi болмаса, олардың да бiр Құдайдың құлы, Адам атаның ұрпағы, ананың қызы, әкесiнiң ұлы екенiн бағамдады. Сөйттi де үйсiз-күйсiз, аш-жалаңаш қалған отбасыларды үйiне кiргiзiп, бауырына басып, бiр үзiм нанын бөле жедi. Олардың аяқтан тұрып, осы елге сiңiсiп, адам сияқты өмiр сүрiп кетуiне барынша жәрдем бердi. Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХII сессиясында осы ақиқатты жайып салған ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаев Ассамблея құрылған күн – 1 наурызды қазақ халқына алғыс айту күнi ретiнде атап өту қажеттiгiн ұсынды» делінген мақалада.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика