×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
19.09.2015 в 23:02

Ассамблея жылына арналған іс-шара тоқтаған жоқ

Қазақстан халқы ас­сам­б­леясының 20 жылдығына орай облыста «Біздің таңдауымыз – «Нұрлы жол» тақырыбында «дөңгелек үстел», «Менің Қазақстаным» этно­мәдени бірлестіктердің об­лыстық музыкалық фестивалі өткізілді.

Өзге этнос өкілдері арасында өткізілген фестивальде 27 қатысушы бағын сынады. Этномәдени бірлестіктері өкіл­дерінің, облыстық ассамблея жанындағы ғылыми-сарап­шылық топ мүшелерінің қа­тысуымен жоғары оқу орын­дарында Қазақстан халқы ас­самблеясының тарихы жө­нінде дәріс-презентациялар өтті. Сондай-ақ кітапханаларда Қазақстан халқы ассамблеясы жылына арналған тақырыптық көрмелер, кітапханалық іс-шаралар ұйымдастырылды.

Түркістан қаласында «Қазақстан халқы ассамблеясы – 20 ізгі іс» республикалық эстафетасының бас белгісі «Тайқазанды» Қ.А.Ясауи кесенесінің басында ұлықтау рәсімі «Тайқазан – игілікті істердің символы» салтанатты шарасы өткені өздеріңізге бел­гілі. Шара барысында Қ.А.Йас­сауи кесенесі басында «Тайқазан­­ды» ұлықтау, ел ақ­са­қалда­рының батасын алу рәсімі өткізіліп, «Тайқазан» Астана қаласына жол тартты. Осыдан екі күн өткен соң, Шымкент қаласындағы «Түркістан» сарайында «Қазақ­стан халқы ассамблеясы жы­лының бастау алуы» салтанатты синхрон-акциясы болды. Осы алаңда «Жастар қоғамдық келісімді қолдайды» атты флеш-моб ұйымдастырылды. Салта­натты жиын мерекелік кон­цертке жал­ғасты. Дәл осындай салтанатты іс-шаралар барлық аудан, қалаларда және ауылдарда ұйымдастырылды. 

Қазақстан халқы ассамблея­сының 20 жылдығына орай «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега жобаның қоры­тын­дысын шығара отырып, «Менің Қазақстаным» респуб­ликалық музыкалық фестивалі аясында «Менің елім – Мәңгілік ел» атты облыстық этномәдени бірлестіктердің музыкалық фестивалі болды. Сонымен қатар, «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемле­кеттік мекемесінде этномәдени бірлестіктердің «ашық есік күндері» өткізілді. Жаңадан ашыл­ған Бейнелеу өнері мұра­жайында жыл бойы Қазақстан халқы ассамблеясы жылына арналған тақырыптық көрме жұмыс істеп тұратынын да айта кеткен жөн. 

erif";mso-ansi-language:KZ'>

 


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика