×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
20.09.2015 в 23:11

Ассамблея мүшелері қайырымдылықтан шет қалмайды

Қазақстан халқы ас­сам­б­леясының 20 жылдығы аясында Оңтүстік Қазақстан облысында түрлі қайырымдылық көрсету шаралары өтті. Мәселен, «Асар» әлеу­меттік ынтымақтастық респуб­ликалық акциясының аясында әлеуметтік әлжуаз отбасылары­нан шыққан мектеп оқушыла­рына қайырымдылық көрсетіл­се,  Ұлыстың Ұлы күні наурыз ме­ре­кесінде Тәуелсіздік саяба­ғында облыстық ҚХА-ның ұйым­дастыруымен «Бір ел – Бір тағдыр» фестивалі өтті.

Онда этномәдени орталықтар ұйым­дастырған қолөнер бұйымдары мен ұлттық тағамдар көрмесі қо­йылды. Саябақта ағаш отыр­ғы­зылды, этномәдени бірлес­тіктер жанындағы шығарма­шылық топтардың қатысуымен театрландырылған қойылым мен концерт көрсетілді.

Сонымен қатар,  Түркістан, Сарыағаш қалаларына Қазақстан халқы ассамблеясының жылына ар­налған «Менің Қазақстаным» пойызы» келіп,  мамандар Түркістандық тұр­ғындарға тегін кеңестер беріп, арнайы бағдарлама аясында ұйымдастырылған шараларға қатысты. 

Шымкент қаласының ден­дро­саябағында этномәдени бірлестік төраға­лары мен мүшелерінің, жастар қанаттарының, ғылыми-сарап­шылық топтың қатысуымен «Қазақстан халқы ассамблеясы – 20 ізгі іс» акциясы аясында ағаш көшеттерін отырғызды. Ал Қазақстан халқының бірлігі күні жаңа әкімшілік іскерлік орталығы алаңында үлкен мерекелік іс-шара өтті. Бұл күні «Қазақстан халқы ас­самблеясына 20 жыл» мерекелік медалі мен патриотизмді қа­лыптастыруға елеулі үлес қос­қандарға қоғамдық «Бірлік» алтын медалі табыс етілді. Ал достық пен ұлтаралық қаты­нас­ты нығайтуға зор үлес қосып жүр­ген этномәдени бірлестік­тер­ге облыс әкімінің гранты тапсырылды.

Сондай-ақ, биыл ассамблея мүше­лері мен этномәдени бірлестік төр­ағалары бірнеше рет «дөңгелек үстел­» басында бас қосып, ҚХА-ның ХХII се­с­сиясында жүктелген міндет­терді жүзеге асыру жайын талқы­лады. Онда ассамблеяның өтке­ні мен бүгіні, болашағы сара­ланды.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика