×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
22.09.2015 в 23:27

Қоғамдық келісім кеңесі құрылды

Мақтаарал ауданында қоғамдық келісім кеңесі құрылды, - деп хабарлады Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі. Басқосуға жер-жерлердегi ауылдық округтердiң әкiмдерi, мекеме, ұйымдардың басшылары, қоғамдық ұйым өкiлдерi  қатысты.

Кiрiспе сөзiнде аудан әкiмi Ж.Бейсенбаев тәуелсiз елiмiздiң мұнан да өсiп-өркендеуi ұйымшылдық пен бiрлiкте, ұлттар мен ұлыстар арасындағы достықта, келiсiмде екенiне жан-жақты тоқталды.

- Сондықтан да  жоғарыда атап өткен игi қасиеттердiң тамырын тереңге жiберу үшiн де ауданымызда қоғамдық келiсiм кеңесiн құрсақ деген пiкiрдемiн, -деді аудан әкімі Ж.Бейсенбаев.

Аудан әкiмiнiң бұл маңызды ұсынысы көпшiлiктiң қызу қолдауына ие болды. Нәтижесiнде 31 адамнан құралған аудандық қоғамдық келiсiм кеңесi құрылды. Бұл мәселеге орай еңбек ардагерi Ж.Әбибуллаев, Сырдария университетiнiң профессорлары Б.Серiков пен Н.Қадырбаев ойларын ортаға салды.

Қоғамдық келiсiм кеңесінiң төрағалығына бiрнеше азаматтың кандидатуралары аталғанымен, кезiнде партия, кеңес жұмыстарында үлкен лауазымды қызметтердi атқарған елге сыйлы еңбек ардагерi Тойым Жүнiсов көпшiлiктiң қолдауымен аталған кеңестiң төрағасы болып сайланды. 

- Құрылғалы отырған кеңес, атауының өзi айтып тұрғандай, халықтар арасындағы бiрлiк пен келiсiмдi сақтау үшін жұмыс істемек. Бұл – бүгінгі таңда мемлекеттің басты саясатына айналып отыр. Ардагерлер атынан Елбасымыздың саясатына өз үлесiмiздi қосуға сөз беремін, --дедi Т.Жүнiсов.

Ол келiсiм алқасына еңбек ардагерлерi, сондай-ақ жасы үлкен азаматтармен қатар жастарды да көптеп тартуға ұсыныс жасады.

Басқосудың соңында келiсiм кеңесiне байланысты өзге құрылымдық мәселелерiн шешу бағытында да әңгiме өрбiдi, олар кеңес отырыстарында жалғасын табады деп келiсiлдi.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика