×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
24.09.2015 в 23:43

Сарыағашта Қазақстан халқы тілдері күні атап өтілді

Сарыағаш ауданындағы «Жеңіс» саябағында «22 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне» орай салтанатты іс-шара өтті, - деп хабарлады Сарыағаш ауданы əкімінің баспасөз қызметі.

Жыл сайын бұл мерекені Қазақстанда тұратын ұлт өкілдері мен ұлыстар тойлап келеді.  Атап айтқанда, Қазақстанда 100-ден асатын ұлттардың біразында өз тілдерін оқытатын мектептері бар және оларды мәдени-рухани қолдау бағытында Қазақстан халқы Ассамблеясы да жұмыс істеп тұр. Алайда, бір күннің ішінде Сарыағаш ауданында тұрып жатқан ондаған халықтардың бұл бағыттағы жетістіктерін көрсету мүмкін емес. Сондықтан аудандағы барлық мекемелерде  тілдер апталықтары, онкүндіктері, айлықтары, фестивальдары өтті. Еліміздегі бірлік пен келісімді білдіретін шаралар аясында өнер шеберлерінің концерттері, тілдерді меңгеру бойынша конкурстар, «өңгелек үстелдер» мен ғылыми конференциялар өтті.

- Бүгінгі күні Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдері мен қазақ азаматтары мемлекеттік тіл - қазақ тілін меңгеруге зейін қойып, қазіргі уақытта мемлекеттік тілде еркін сөйлеуді мақсат етіп отыр, - деп атап өтті аудан әкімі Б.Парманов.

Меркелік іс-шараға аудандағы барлық мекеме, бөлім қызметкерлері қатысты. Аудандық білім бөлімінің қызметкерлері мектеп оқушыларының қолымен жасалған  қолөнер бұйымдары көрмесін ұсынды.

Ауданның мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкерлері мерекелік концерт ұйымдастырылып, мерекелік іс-шарада өзге ұлт өкілдерінің концерттік қойылымдары тамашаланды.

Аудан әкімі аудан тұрғындарын мерекемен құттықтап, тиісті сала қызметкерлеріне алғыс хаттарын табыстады.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 787920
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика