×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
25.09.2015 в 23:53

Этномәдени орталықтардың көрмесі өтті

Шымкент қаласының «Тәуелсіздік саябағында» өткізілген этносаралық қатынастарды нығайтудың механизмдерін жетілдіру бойынша 20 этномәдени орталық және орталық өкілдіктерінің қатысуымен көрме өткізілді. Мұнда жәрмеңке қатарлары, ұлттық тағамдар мен қолданбалы өнер көрмелері ашылды. Көрмеге қала тұрғындары, сонымен қатар, маслихат депутаттары, әкімдік өкілдері, жастар қоғамдық бірлестігінің өкілдері, студенттер және БАҚ өкілдері қатысты.

«Биыл біз Ата заңның 20 жылдығын атап өтеміз, алдымызда Ұлы Жеңістің 70 жылдығы келе жатыр, Қазақ хандығының 550 жылдығы бар, сондай-ақ ұлы ақын Абайдың туғанына 170 жыл. Мұның барлығы тарихи оқиға, оларды бірлесіп, бірігіп қана лайықты атап өте аламыз. Біз мұны Мемлекет басшысымен бірге жасауымыз қажет, өйткені барлық игі істердің басында Елбасы тұр», - деп атап өтті ОҚО түрік этномідени бірлестігінің төрағасы Латифша Асанов.

Сондай-ақ, Қазақстандағы этномәдени бірлестіктер өз ұйымдарының қызметтері туралы экспозициялық материалдармен таныстырды. Іс-шара барысында барлық этномәдени орталық өкілдеріне алғыс хаттар тапсырылып, олардың арасында әр-түрлі номинациялар бойынша байқаулар өткізіліп, байқау соңында үздік және белсенді қатысқан этномәдени орталықтарының өкілдері марапатталды. 
Іс-шара Шымкент қаласы ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде өткізілді.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 787920
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика