×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
26.09.2015 в 23:03

Мақтаарал ауданында 60-тан астам ұлт өкілдері

«Кең байтақ қазақ елі – құшағына 130-дан аса ұлт пен ұлысты сыйдырған әлемдегі көп ұлтты бірегей мемлекет. Олар мұнда кеңес дәуірінде тағдырдың тәлкегімен келіп қоныстанып, жергілікті негізгі мемлекет құрушы – қазақ халқымен сіңісіп, ата-бабамыз оларды жатсынбай, бауырындай көріп, төрінен орын берген болатын. Бүгінде түрлі ұлттар арасында татулық берік орнаған. Бұл ретте Елбасының бастамасымен құрылған Ассамблея институтының  да  алар орны ерекше. Бірнеше жылғы тарихында бұл мекеме өз жемісін беріп келеді» дейді Мақтарал аудандық «Жастар орталығының» өкілі Г.Сұлтанова.

Оның мәлімдеуінше, Мақтаарал ауданында 60-тан астам ұлт өкілдері өзара келісім мен тұрақтылықта ғұмыр кешуде. Қазргі таңда 5 ұлттық мәдени орталық пен олардың құрамында түрлі үйірмелер жұмыс жасайды. Бұл ұйымдар Атакент қалашығындағы «Халықтар достығы» үйінде орналасып, онда барлық жағдайлар жасалған.

«Жақында Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын жергілікті жерде үйлестіру мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанынан «Қоғамдық келісім» мекемесі құрылып, оның біздің ауданымыздағы филиалына 3 маман бөлінді. Мінекей,  аталған мекеме қызметкерлерімен бірлесе отырып, аудандағы Жастар орталығының ұйымдастыруымен аудандағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарында бірнеше семинарлар өткізілді. Шараны ұйымдастырудағы мақсат - студент жастарға Елбасының 5 иституционалды реформа 100 нақты қадам Ұлт жоспарының мән–мазмұнын жан–жақты түсіндіру, өзге ұлт жастары арасында достық қарым–қатынасты нығайту, жастардың керағар діни ағымдарға, қылмысқа бой алдырмауын насихаттауға бағытталды» дейді «Жастар орталығының» өкілі.

Тағылымы терең, мазмұны кең іс–шара «Сырдария» университеті мен «Ғ.Мұратбаев» атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық, «Жетісай» және «Жанықұл» медициналық, Мақтарал гуманитарлық-экономикалық агробизнес, №14, №15 колледждерінде болып өтіп, оған 1000-нан астам жастар қатысты. Семинардың жұмысшы топ құрамында аудандық ішкі саясат бөлімі Жастар орталығының директоры М.Бейсенбаев, «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы А.Есенбеков және құқық қорғау саласы мен діни қызметкерлер жұмыс жүргізді.  


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика