×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
29.09.2015 в 23:31

«Тату елдің туы биікте желбірейді»

Шардара ауданы Қауысбек Тұрысбеков ауылдық округіндегі Мәдениет үйінде өткен жиында облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары – ассамблея хатшылығының меңгерушісі Мұратәлі Қалмұратов мемлекетіміздің өсіп-өркендеуі турасында келелі сөз қозғады, - деп хабарлады Шардара ауданы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.

- Ел бірлігінің арқасы деп баға беруде үлкен мән жатыр. Қазақстанды мекендеген 130-дан аса ұлттар мен ұлыстардың тату-тәтті тіршілігі бүгінде өзге жұрттың тамсана қарайтын дүниесі екендігі белгілі. Биыл Қазақстан Халықтары Ассамблеясының 20 жылдығына байланысты барлық өңірде ассамблея хатшылығы мен қоғамдық келісім орталықтары ашылуда, - деді облыстағы ассамблея хатшылығына жетекшілік жасап отырған Мұратәлі Қалмұратов.

 Ол облыста құрылған Қоғамдық келісім Кеңесінің атқаратын жұмыстарымен көпшілікті таныстырды. Ал, Коғамдық келісім мемлекеттік мекемесіне директорлыққа тағайындалған Ербол Байқонақов алдағы уақытта барылқ аудандарда осы мекеменің филиалдары ашылып, жұмыс жүргізетінін айтып өтті.

  Ауызбірлікке арналған жиын барысында «Бірлігіміз жарасқан 20 жыл» атты фильм көрсетілді. Мәдениет үйінің алдында ауылда тұратын бірнеше ұлт өкілдерінің қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Залға жиналған ауыл тұрғындарының ішінен тәжік ұлтының өкілі Үсен Ибадуллаев туа бітті осы ауданда қазақтармен шырмауықтай араласып ғұмыр кешіп келе жатқанын, бұл жерден артық мекен бар деп санамайтынын жеткізді.

  Жиынды жүргізіп отырған аудан әкімі Қамытбек Айтөреев қоғамдық келісім орталығын құру – саяси мәні зор үлкен тірлік екенін айта келіп, жиынға қатысқан қонақтарға алғысын білдірді.

  Айта кетейік, Шардара ауданында бүгінгі таңда 26 ұлттың өкілдері бір үйдің балаларындай өмір сүріп келеді. Тұрғындардың 96 пайызын жергілікті тұрғындар құрайды. Этнос өкілдерінің қарым-қатынасы тұрақты, осы уақытқа дейін ұлттар арасында әлеуметтік шиеленістер болған емес.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика