×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
30.09.2015 в 23:35

«Болашаққа бастайтын –100 нақты қадам» атты іс-шарасы болып өтті

Шымкент қаласындағы №8 В.Комаров атындағы жалпы орта мектебінің акт залында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұсынған бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадам бағдарламасын қолдау аясында облыстық татар-башқұрт этномәдени орталығының жетекшісі С.Н.Ақбердиева, облыстық татар-башқұрт этномәдени орталығы жетекшісінің орынбасары А.И.Мухамедовалардың қатысуымен «Болашаққа бастайтын –100 нақты қадам» атты іс-шарасы болып өтті.

Шара барысында жиынға қатысқан көпшілік Мемлекет басшысының 100 нақты қадам бағдарламасында айтылған Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел — үлкен отбасы» кең көлемді жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, ол қазақстандықтардың біртектілігін нығайтады және азаматтық қоғамның бүтіндігін қалыптастыру үшін жағдай туғызатындығына кеңінен тоқталды.

- Оңтүстiк Қазақстан облысы – республика бойынша өзге ұлт өкiлдерi ең көп мекендейтін өңiр. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының нәтижесінде, мұнда этноконфессиялық келiсiмнiң бiртұтас инфрақұрылымы қалыптасқан. Өңiрдi мекендейтiн ұлттардың тiлiн, мәдениетiн, салт-дәстүрiн сақтауға барлық мүмкiндiктер қарастырылып, өзара татулық пен бірліктің үлгісі көрсетілуде, - деп атап өтті облыстық татар-башқұрт этномәдени орталығының жетекшісі С.Н.Ақбердиева.

Ал, облыстық татар-башқұрт этномәдени орталығы жетекшісінің орынбасары А.И.Мухамедова «100 нақты қадамның» Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға, жолдан адаспауға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатын беріктік қорын жасап беретінін айтып, алдағы уақытта бірлесе жұмыстар атқаруға шақыпды.   

- 88-қадамда жалпыға ортақ «Еңбек қоғамы»  идеясын алға жылжыту жөніндегі ұлттық жоба іске асса, 89-қадамдағы «Нұрлы болашақ» ұлттық жобасын әзірлеу барша қазақстандықтардың болашағын жарқын етері сөзсіз, - деп атап өтті ол.

Жиын соңында татар-башқұрт этномәдени орталығының жетекшісі Р.Байков Елбасымыздың 100 нақты қадам бағдарламасын этномәдени орталықтардың өкілдері қолдайтындығын білдіріп, жиынды қорытындылады.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика