×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
01.10.2015 в 23:18

«Ұлы дала елі» экспедициясы Түркістанға келді

Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Ұлы Дала елi» тарихи-мәдени экспедициясы 1 қазан күні Түркістан қаласына келді. «Ұлы Дала елi» атты республикалық тарихи-мәдени экспедициясы қыркүйек айының 11-i күнi бiр мезгiлде Астана, Ақтау, Павлодар қалаларынан бастау алған болатын. Қазақстанның Батыс және Оңтүстiк бағытын қамтыған iзгiлiктi сапар Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда облысының тарихи жерлерiн жалғап, Түркiстанда жалғасты.

Қонақтарды Қ.А.Ясауи кесенесі алдындағы пантеонда күтіп алған топ, экпедиция мүшелеріне лайықты құрмет көрсетіп, көне шаһардағы бірқатар нысандарды аралатып көрсетті. Алдымен Қ.А.Ясауи кесенесінде болып, қолөнер шеберлері орталығы мен облыстық тарихи-мәдени этнографиялық орталық жұмысымен танысып, бұқаралық ақпарат құралдары үшін баспасөз мәслихатын өткізді. Конференцияда қос тарап өкiлдерi ұлт тарихының түгенделмеген тұстарына ой жүгiртiп, келелi кеңес өрбiттi.

Оңтүстікқазақстандық тарихшы-ғалым Сағынғали Әбубәкiров Түркiстанның  Есiм хан тұсында Қазақ хандығының астанасы болғанын, ұлттың тұтастығына қатысты маңызды шешiмдердiң денi осында қабылданғанын айта келе, кесененiң тұрғызылуына, оның бүгiнгiдей нық тұруына осы өлкенi мекен еткен тұрғындардың қосқан үлесi айрықша екенiн жеткізді.

Тарихшы-ғалым Әмiр Темiрдің кәнiгi құрылысшыларды басқа қалалардан алдырғанымен, негiзгi жұмыстарды түркiстандықтардың өздерi атқарғанын,  әйгілі қолбасшының құрылыстың бүкiл шаруашылық жұмыстарын түркістандық Ноғайбек есiмдi адамға сенiп тапсырғанын атап өтті.

- Ноғайбек Түркiстанның жұмысқа жарамды адамдарын ұйымдастырып, көш-көлiгiн дайындап, кесененiң салынуына айрықша үлес қосқан. Ол жайлы 2000 жылдары баспасөз беттерiнде бiрқатар зерттеу мақалалар жарияланып, Түркiстан қаласынан еңселi ескерткiш орнату жөнiнде бастама көтерiлiп, кейiн белгiсiз себептермен аяқсыз қалды. Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында осы бастаманы қайта жаңғыртуымыз қажет. Бұл Ноғайбек арқылы кесенеге үлес қосқан бүкiл түркiстандықтарға деген құрметiмiз болмақ, – дейдi белгiлi ғалым.

Мерекелiк шара түңлiгi Түркiстан сазды драма театрының Қазақ хандығының iргесiн бекемдеудегi Керей мен Жәнiбектiң бәтуәласу сәтiн бейнелеген театрландырылған қойылымымен түрiлдi.

 Түркiстан қаласы әкiмiнiң орынбасары Тәжiбек Мұсаев көпшiлiктi мерекемен құттықтап, шараның маңыздылығына тоқталса, Қызылорда облысы делегациясының жетекшiсi Айгүл Сағымбай «Ұлы Дала елi» республикалық тарихи-мәдени экспедициясының символы – бiрегей күнделiк кiтапты оңтүстiкқазақстандықтарға тапсырды.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика