×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
02.10.2015 в 23:27

«Ұлы дала елі» экспедициясы көне Отырардың құпиясымен танысты

«Ұлы Дала елi» тарихи-мәдени экспедициясы Отырар ауданына «Арыстанбаб» кесенесінде болып, «Отырартөбе» тарихи кешеніне экскурсия ұйымдастырды. Аудандық Руханият Әбу-Насыр Әл-Фараби мұражайына арнайы барып, ежелгі Отырар тарихынан сыр шертер құнды жәдігерлермен жақынырақ танысты.  Топ мүшелері Құрбан ата, Өзбекәлi Жәнiбеков кесенелерiне зиярат етiп, көне қалада жүргiзiлiп жатқан археологиялық жұмыстармен танысты.

«Отырар» қорық-археологиялық мұражайының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Ержан Есжанның айтуынша, «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында кезiнде бiрқатар қазба жұмыстары жүргiзiлгенiмен, оның тарихи топографиясы бойынша, әсiресе, қамалдың қайда екендiгi жөнiнде зерттеушiлер әлi де бiр пiкiрге келе қойған жоқ.

– Сегiз ғасырлық тарихы бар көне Отырар қаласы - Қазақстан территориясында жан-жақты әрi ең көп зерттелген археологиялық ескерткiштердiң бiрi. Қанша ғасырды артқа қалдырып, қабырғалары жермен-жексен болғанымен, бұл жердiң ерекшелiгi, аяқ басқан сәттен бастап сол кезеңнiң тұрмыс-тiршiлiгi мен болмысын бастан кешкендей күйге бөленесiң. Бүгiнде қамалдың шығыс бөлiгi, ежелгi монша, мешiт орындары мен сол кездегi халықтың мекен еткен бiрқатар тұрғын жайлары құмнан аршылып, қалпына келтiру жұмыстары жүргiзiлуде. Бұл бiр күнде, бiр жылда түгесiлетiн шаруа емес. Ұзақ уақытты талап етедi. Келешекте қала орнын ашық аспан астындағы Қазақстандағы теңдесi жоқ мұражайға айналдырсақ деген жоспарымыз бар. Ал, табылған құнды жәдiгерлер мұражайда сақталады. Бүгiнде мұнда 20 мыңнан аса жәдiгер бар. Есептеуiмiзше, жыл сайын 100 мыңнан аса адам Арыстан баб пен Отырартөбеге келедi, – дейдi мұражай басшысы.

Мәдениет үйінде ұйымдастырылған «Жер тарихы – Ел тарихы» тақырыбындағы кездесуде экспедиция мүшелері жергілікті тұрғындармен қазақ тарихы туралы кеңінен сұхбат өткізді. «Теңдессiз сый» акциясы аясында «Ұлы Дала тарихы» мен «Қазыналы Оңтүстiк» кiтаптарының кезектi шығарылымы отырарлықтарға тарту етiлдi.

Шарада аудан әкiмiнiң орынбасары Рыскелдi Әлiш сөз алып, өңiрдiң бүгiнгi әлеуметтiк-экономикалық ахуалынан хабардар еттi. Экспедиция мүшесi, ОҚМУ-дiң «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасының меңгерушiсi, тарих ғылымдарының кандидаты Ғаппар Маймақов сапардың мәнi мен маңызын айшықтаса, өлкетанушы Бекжан Бейсенбай Отырардың түркi ғылымындағы орны жөнiнде келелi баяндама жасады. Жергiлiктi өнерпаздар әл-Фараби өмiрiнiң соңғы сәттерiнен театрландырылған көрiнiс қойып, әннен шашу шашты.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика