×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
03.10.2015 в 23:31

«Ұлы дала елі» экспедициясы Ордабасы ауданындағы киелі орындарда болды

«Ұлы дала елі» экспедициясының Ордабасы ауданындағы сапары Темiрлан ауылындағы Қажымұқан атындағы облыстық спорт мұражайынан басталды. Батыр өмiрiнiң шежiресiне айналған спорт мұражайы әзiрге республикада жалғыз. Топ мүшелерi баба зиратына зиярат етiп, Құран бағыштады.

Ордабасы ауданы әкiмiнiң орынбасары Әлдiбек Сәдiрмек мұражайға қатысты тың ойдың ұштығын шығарды. Оның айтуынша, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» күре жолы ауылды айналып өтетiндiктен, мұражайға келушiлер саны азая түскен.

Мұнан кейiн топ мүшелерiнiң қатысуымен аудандық мәдениет үйiнде тұрғындармен кездесу өттi. Аудан әкiмi Самат Сапарбаев мерейлi мерекенiң маңыздылығына тоқталып, аудан тарихынан бiршама мағлұмат бердi. Экспедиция жетекшiсi, облыс әкiмi аппаратына қарасты «Қоғамдық келiсiм» мекемесiнiң басшысы Ербол Байқонақов Ұлт жоспарындағы «Бiртектiлiк пен бiрлiк» бағыты бойынша «Мәңгiлiк ел мұраты – ел бiрлiгi» тақырыбында сөз сөйлеп, оқырмандар үшiн құнды туындыларды сыйға тартса, «Қазақ Хан-Батырлары» қоғамдық қорының төрағасы Бақытбек Еспенбетов өткен тарихымызды тануда, оны насихаттауда, осындай ауқымды iстердi қолға алып, жүйелi жұмыс iстей беру қажет деген ой түйiндедi.

Мерекелiк шара Әз Тәукенiң «Жетi жарғысы» жайындағы қойылыммен әрленiп, ән-жырмен өрiлдi.

Бұдан соң экспедиция мүшелерi Ордабасы тауына бет алды. Мұнда 1726 жылы Орда тiгiлiп, қазақтың үш жүзiнiң игi жақсылары бас қосып, жоңғар басқыншылығына қарсы күреске халықты жұмылдыру жайында кеңес өткен. 1993 жылы көршiлес үш елдiң Президенттерi осында бас қосып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елдi елдiкке үндеп, болашаққа барар жолды меңзеп едi. Сол келелi кеңес өте сала «Ордабасы» тарихи-мәдени ұлттық қорығы құрылған болатын. Аумағы ат шаптырым қорықта маңызы айрықша 10 ескерткiш орналасқан.

Қорық басшысы Шаһар Қаназарұлының айтуынша,  қорықтың жалпы аумағы 1134 гектарды құрайды. 10 гектарға ағаш егiлген. Алайда, бiр түйiндi мәселе судың жетiспеуiнен туындап отыр. Егiлген ағаштардың денi судың болмауынан қурауға айналып барады. Су мамандары бұл жерде су көздерiнiң жоқтығын алға тартады. Амал жоқ, суды көлiкпен тасу арқылы өскiндердi көгертiп отырған жайымыз бар, – дейдi қорық басшысы.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика