×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
04.10.2015 в 23:37

«Ұлы дала елі» экспедициясы Бәйдібек ауданында болды

Бәйдібек ауданында сапарын жалғастырған экспедиция алдымен Бәйдібек би, Домалақ ана кесенелері мен көне «Аппақ ишан» мешіт-медресесінде болып, аудандық мәдениет үйінде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты іс-шарамен қорытындылады.

«Ұлы Дала Елi» экспедициясының оңтүстiк өңiрдегi жұмысы Бәйдiбек ауданында жалғасты. Алдымен экспедиция мүшелерi Домалақ ана және Бәйдiбек ата кесенелерiне зиярат еттi. Бабалар рухына Құран бағыштап, қасиеттi жердiң сырына қаныққан соң Шаяндағы Аппақ Ишан медресесiне барды. Мұнда 1927 жылға дейiн балалар мұсылмандық сауатын ашқан. Дiни бiлiм алуға ынтыққан шәкiрттер сонау Кереку, Атбасар, Торғай, Қарқаралы, Талас өңiрлерiнен келiп оқыған. Аппақ Ишанның өзiн Павлодарға апарып, түрмеге жапқан. Кейiннен иесiз қалған мешiтке ұлт жанашыры Өзбекәлi Жәнiбеков араша түсiп, қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзедi. Қазiр мұражайда 3,5 мыңнан астам жәдiгер бар. Жәдiгерлердiң басым көпшiлiгi қазақ халқының өткен ғасырларда жасалынған ұлттық қолөнер бұйымдары. Археологиялық қазбалардан табылған VIII-XIII ғасырларда жасалынған құмыралар, қыш ыдыстар, шығырлар, қыштан жасалынған бұйымдардың сынықтары өткен тарихтан сыр шертiп тұрғандай.

Аудандық мәдениет үйiнде жергiлiктi тұрғындармен кездесу өттi. Экспедицияға үлкен қызығушылық танытқан аудан әкiмiнiң орынбасары Әйтен Темiр Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында ҚХА тарапынан көтерiлiп отырған бұл бастаманың өте өзектi екендiгiн айтты. Ауыл қариясы Бақберген Төлешов Бәйдiбектiң кешегiсi мен бүгiнгiсiнен толғақты ой өрбiтсе, топ жетекшiсi Ербол Байқонақов «Теңдессiз сый» акциясы аясында жергiлiктi кiтапханаға кiтаптар тарту еттi. Мәдениет үйiнiң қызметкерлерi Керей мен Жәнiбектiң Қазақ хандығын құрудағы алғашқы талпынысын бейнелеген сахналық қойылым ұсынып, құлақтан кiрiп бойды алар әуездi әндер әуелеттi.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика