×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
05.10.2015 в 23:42

«Ұлы дала елі» экспедициясы Созақтағы тарихи орындарды аралады

Созақ ауданындағы жұмысын экспедиция мүшелері Шолаққорғандағы Керей мен Жәнібек ханға арналған монументке гүл шоқтарын қоюдан бастады.

Аудан әкiмi Мақсат Исаев көпшiлiктi мерейлi мерекемен құттықтап, экспедицияның маңыздылығына тоқталды.

– Талай аласапыранды заманды бастан өткерiп, осы күнге аман жетiп, әлемге аты әйгiлi мемлекет құрып отырған қазақ жерiнiң тарихы тереңде. Бiз сол бабалар салған сүрлеудi қайта жаңғыртып, оны елге, әсiресе, жастарға танытып, қазақстандық патриотизмнiң жаңа моделiн қалыптастыруда осы экспедицияның жұмысына атсалысып отырмыз. Әр тасы тарихтан сыр шертер терiскей топырағында әлi де болса ашылмаған құпия көп. Қазақ хандығының 550 жылдығы тек мереке емес, сол көмiлiп жатқан құнды мұралардың халықпен табысуына жол ашады, – дедi Мақсат Шамансұрұлы. Белгiлi тарихшы, ақын, аудармашы Дулат Тұрантегi Созақ тарихынан тағлымды әңгiме өрбiтсе, топ мүшесi Ғаппар Маймақовтың түйiндеуiнше, Қазақстан халқы Ассамблеясы аясындағы игiлiктi шараның Қазақстанды мекендеген ұлттар арасындағы татулықты тереңдете түсер ықпалы мол болмақ.

Мұнан соң делегация мүшелерi аудандық кiтапхананың тыныс-тiршiлiгiмен танысты. Акция аясында кiтаптарды сыйға тартқан экспедиция жетекшiсi мұның жас өрендердiң мол мағлұмат алуына таптырмас құнды дүние екендiгiн жеткiздi.

Экспедицияға қатысушылардың келесi нысаны – Созақ ауылы болды. Кезiнде iргелi қалалардың бiрi болған шаһар орны құмға көмiлген күйi жатыр. Бiрлi-жарым археологиялық қазба жұмыстары жүргiзiлгенiмен түбегейлi зерттеуге әлi де ден қойылмай келедi. Мұнда елiн елдiкке ұйыстырған Қарабура әулиенiң кесенесi бар. Топ мүшелерi баба зиратына тағзым, Құран бағыштады. Мұнан соң қазақ хандарының iшiндегi дипломатиялық қасиетiмен әйгiленген Хақназар ханның кесенесiнде болды. Бұдан үш жыл бұрын бой көтерген кесене Созақ ауылының Қаратау беткейiнде орналасқан. Тарихшылар бұл мекендi ханның жазғы жайлауы болған деседi.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика