×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
08.10.2015 в 23:31

Өзбек мәдени орталығы 25 жылдығын атап өтті

Оңтүстік Қазақстан облыстық өзбек этномәдени бірлестігі өзінің 25 жылдығын атап өтті. Мерейтойға арналған салтанатты шара Шымкент қаласындағы Абай саябағында өтті. Өзбек ұлтының тілі, мәдениеті, әдеп-ғұрпы мен салт-дәстүріне арналған осынау мерекеге аймақтағы барлық аудан, қала, ауылдардағы өзбек ұлтының өкілдері қатысты. Сонымен қатар, Өзбекстаннан бір топ құрметті қонақ келді.

Мерекеде өзбектің ұлттық тағамдары, қолөнер бұйымдары және суреттер көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен бірге ұлттық салт-дәстүрден көріністер қойылып, өнерпаздар ұлттық музыка аспаптарында ойнап, ән шырқап, өзбек биін биледі.

ОҚО өзбек мәдени бірлестігінің төрағасы И.Хашимжановтың мәлімдеуінше, бүгінде Қазақстанда тұратын өзбектер саны жарты миллионды құрайды. Соның ішінде, әсіресе, өзбектердің анағұрлым көп шоғырланған аймағы Оңтүстік Қазақстан облысында олар қазақтардан кейін екінші орында болса, республика бойынша үшінші орында.

- Бүгінде облыс қалалары мен аудандарында аталмыш этномәдени бірлестіктің 13 филиалы жұмыс істейді. Облыста 19 таза өзбек тіліндегі, 119 аралас мектеп бар. Сонымен қатар өзбек тілінде 1 облыстық, 3 аудандық және бірқатар тәуелсіз газеттер жарық көреді. Бұдан бөлек, «Қазақстан-Шымкент» телеарнасында «Юртимиз жамоли» бағдарламасы көрсетілуде. Ал, облыста өзбек драма театры жұмыс істейді. Өзбек этносының өкілдері өңіріміздегі барлық салаларда аянбай еңбек етіп, экономикамыздың өсіп-өркендеуіне үлестерін қосып келеді, - деді И.Хашимжанов.

Оның айтуынша, өңірімізде «Мемлекеттік тілді білу – парызың», «Офарин», «Лапар» конкурстары, «Достық дастарханы» фестивалін өткізу дәстүрге айналған.

Мерекелік шараның қонақтары Абай ескерткішіне гүлшоқтарын қойып, өзбек ұлттық қолөнер заттары мен тағамдар көрмесін, ұлттық салт-дәстүрлер көріністерін тамашалады. Соңы мерекелік концертке ұласты.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика