×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
09.10.2015 в 23:34

«Ахыска» түрік этномәдени орталығының жастары бас қосты

Қазақстанда тұратын түрік этносының «Ахыска» этномәдени орталығы өз қызметін ойдағыдай атқарып отыр. Ел аумағының барлық өңірлерінде филиалдары толыққанды жұмыс жасауда.

Оңтүстік Қазақстан облысындағы түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Латифша Асановтың мәлімдеуінше, Қазақстанда тұратын түріктердің 80%-ы мемлекеттік тілді еркін меңгерген. Қазақстандық патриотизмді әрбір азаматқа жеткізу, осы бағытта тәлім-тәрбие беру біздің бірлестігіміздің басты мақсаттарының бірі екендігі аян.

Осыны жете түсінген түрік жастары Шымкентте бас қосып өздерінің ұлттық мерекесін атап өтті. Кездесу барысында олар ұлттық би түрлерін билеп, сонымен қатар әр түрлі ойындар мен кеш көрігін қыздыра түсті.

Латифша Асановтың мәлімдеуінше, Ахыска түріктерінің елімізге қоныс аударуы 1944 жылы 31 шілдеде басталады. КСРО Мемлекеттік қорғаныс комитетінің № 6279 Қаулысымен олардың тағдыры шешіліп, сол жылы, ІІХК 001176 бұйрығымен тұрғылықты жерлері Кавказдан еліміз бен Орта Азияға күштеп, қоныс аудару басталады.

«1989 жылғы КСРО-да жүргізілген Бүкілодақтық халық санағы бойынша, 207,5 мың түрік болған. Ол түріктердің 90 пайыздайы — Оңтүстік Грузияның Түркиямен шектесіп жатқан бес ауданында туып-өскен. Бұл жерді көне заманнан Месхет деп атаған, «месхеттік түріктер» деген атау осыдан пайда болған. Олар болса өздерін «Ахыска түріктері» деп атайды. Заманында Осман империясының қарамағындағы жер болғандықтан, Грузия — олардың атамекені болып табылады» дейді ол.

Тарихқа жүгінсек, 1944 жылы қарашада 220 ауылдағы, 125 мың түрік туған жерімен қош айтысады. Сол кезде соғыста 46 мың ахалцы түріктерінің ер-азаматтары қан төгіп, 25 мыңы соғыс даласынан оралмайды. Кейін аман қайтқандары мен 8 Кеңес Одағының Батыры атанған ерлер туған-туыстарының артынан кетеді.

«ІІХК ресми деректері бойынша 1944 жылдың желтоқсанында 92 307 адам көшіріліп, оның 18 923 қарттар мен мүгедектер, 27 399 әйелдер, 45 085-і 16 жасқа толмаған балалар еді. Түріктер мінген тауар пойыздар 22 күн жол жүріп, 1944 жылдың 9 желтоқсанында Ташкентке келіп жетеді. Аштық пен аурудан қиналған оларды пойызға күштеп мінгізерде тек үш күнге жетерлік қана азық алуға рұқсат берген екен» деп атап өтті ол.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика