+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
10.10.2015 в 23:46

Этномәдени бірлестіктер арасында спартакиада ұйымдастырылды

Шымкент қаласындағы Қ.Мұңайтпасов атындағы  орталық стадионда Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы және Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Оңтүстік Қазақстан облысындағы этномәдени бірлестіктер арасында спорттық спартакиада өтті.

Спартакиаданың мақсаты – Қазақстан халқының бірлігін нығайту, этностар арасындағы достықты арттыру және жастарға салауатты өмір салтын насихаттау арқылы бұқаралық спортты дамыту.

Спорттың 5 түрінен (үстел теннисі, шахмат, кіші футбол, жеңіл атлетика, волейбол) өтетін спартакиадада 10 команда сайысқа түсті.

Шараны ұйымдастырушы – «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

«Спартакиада қызықты өтті. Қатысушылар үлкен-кіші деп қарамады, 60-70 жастағылар 18 жасар ойыншылармен шеберлік байқасты, бір-бірімен тең ойнады.  Спартакиада қатысушыларының деңгейі де жоғары, олардың басым көпшілігі республикалық деңгейдегі жарыстарға да қатыса алады» деп атап өтті ұйымдастырушылар. 

«Бүгінде достық, сенім, ынтымақ, бірлік ұғымдары этносына, діни сеніміне қарамастан барлық азаматтар үшін айнымас берік ұстанымдарға айналды. Қоғамдық келісім мен мәдени және тілдік әр алуандық біздің өсіп-өркендеуіміздің негізіне, басты байлығымызға, ортақ игілігімізге айналды.

Ассамблеяның ХХ сессиясындағы сөзінде ел Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаев - «Қазақстандық жол жаңа тәуелсіз елдер үшін ұлттық жетістіктің жемісті үлгісіне айналды. Бұл қазақстандықтардың еңбегі мен тұтастығының нәтижесі» деп көрсетті. Сондықтан да біздің бірлігіміз бен келісіміміз Қазақстан халқының баға жетпес қазынасы ретінде ұрпақтан ұрпаққа берілетін болады.

Тек қана татулық пен тұтастық арқылы ғана біз Қазақстанды кез келген ғаламат жоспарларды іске асыратын қуатты мемлекет ете аламыз. Тек қана бірлігі жарасқан халық қана ұлы белестерді бағындыра алады!» деді өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы И.Хашимжанов өз сөзінде.

Іс-шара соңында, жалпы командалық ұпаймен I-орынды өзбек, II-орынды татар, III – орынды иран этно-мәдени бірлестігі иеленді. Жеңімпаздар кубокпен, дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика