×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
13.10.2015 в 23:01

Қырғыз этносының тілі, мәдениеті, дәстүрлері күні өтті

Шымкенттегі  «Жастар   орталығында»  «Қырғыз этносының тілі, мәдениеті, дәстүрлері күні» мереке ретінде тойланды. Облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйытқы болуымен өткен салтанатты  шараға шаһар тұрғындары, өзге этномәдени бірлестіктердің,  діни ұйымдар мен  саяси партиялардың  өкілдері қатысты.

Қазақ пен қырғыз  құстың қос қанатындай егіз,  туыс халық.  Діні, ділі  бір,   тілі   ұқсас.   Рухани  бауырлас   ел.  Қазақстан халқы Ассамблеясының  айтулы жылы аясында «Қырғыз   этносының тілі, мәдениеті, дәстүрлері күні»  мерекесі  тойланды. Қырғыз  халқының   мәдениеті, өнері,   салт-дәстүрі  дәріптелді.

«Қазақстан Республикасы – көпэтносты мемлекет. Кез келген ұлттық мемлекет оны құрған негізгі ұлттың өзге этникалық топтар алдындағы ба¬сымдығын таныту құралы емес. Адамзат тари¬хында мемлекет этностардың бір-бірімен өзара әсерлесу мүмкіндігі көбейген кезде, белгілі бір ұлттың бірегейлігін (аумағын, ді¬нін, тілін, мәдениетін, т.б.) аман сақтап, да-мыту қажеттігіне орай пайда болған. Қазақ¬стан Республикасы да, ең алдымен, сан ға¬сыр-лық тарихы бар қазақ ұлтының бірлігі мен бірегейлігін сақтап, дамытуға қызмет етеді. Мұның өзі өзге этникалық топтар мәде¬ниетіне қысым жасалады деген сөз емес. Керісінше, олардың да төл мәдениеті дамып, әрі Қазақстанның мәдени дамуына бір бұлақ болып қосылып, әрі біздің өзге халықтармен (әлгі этникалық топтардың атамекендерімен) мәдени байланыс жасауымыздың тиімді арнасына айналуы қажет-ақ.

Ал енді қоғамдағы әлеуметтік құнды¬лық¬тар, жеке адамдардың бостандықтары мен құқықтары мәселесіне келсек, біздің еліміздің азаматтарының бәрі этникалық тегіне, дініне, т.б. қарамастан, бәрі де тең құқылы, бәріне де тең мүмкіндіктер берілген. Мұның өзі қазақ-стандықтарды іштей топтастыруға, ортақ Отанымыздың болашағы мен бүгінгі мүддесі жолында бірігуімізге, сөйтіп, бірте-бірте біре¬гей біртұтас халыққа айналуымызға ықпал етеді» деп атап өтті ОҚО қырғыз этномәдени бірлестігінің төрағасы Абылай Рысбеков.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика