×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
14.10.2015 в 23:03

Татарлар қазақ даласына ислам дінін тарату үшін келген

«Қазақ даласына татарлардың келуі патша үкіметінің қазақ өлкесін отарлауға кіріскен кезінен басталады. Ресми мәліметтерге сүйенсек, қазақ даласына татарлардың келуі патша үкіметінің қазақ өлкесін отарлауға кіріскен кезінен басталады» дейді «Оңтүстік Қазақстан облысының татар-башқұрт мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Саима Акбердиева.

«XVIII–XIX ғасырларда патша үкіметі қазақ даласына ислам дінін тарату саясатын жүргізді. Бұл ретте қазақтардың арасына молдалар татарлардың дін қызметкерлері қатарынан ғана жіберілді. Мұның өзі қазақтарды Орта Азиядағы діни орталықтардың ықпалынан оқшауландыру мақсатымен жасалды.

Қазақ хандары мен сұлтандарының басым көпшілігі өздерінің жеке хатшылары етіп Орынборға таяу жердегі Сейітов слободасынан шыққан сауатты татарларды ұстады. Татар көпестер Ресей мен қазақ даласы арасындағы сауда-саттықтың дамуына байланысты өздерінің белсенділігін күшейте түсті. Қазақтардың тілін, әдет-ғұрып және салт-санасын жақсы білгендіктен де татарлар сауда-саттық саласында делдалдық рөл атқарды» деді этномәдени бірлестік төрайымы.

Оның мәлімдеуінше, татарлар қазақ даласында жаңа әдіспен оқытатын жәдидтік мектептер ашудың бастамашылары болды. Қазақтар татар зиялылары шығарып тұрған газеттер мен журналдарды зор ықыласпен оқыды. Қазақтың алғашқы газеттері мен журналдарын көбінесе татар көпестері қаржыландырып тұрды.

«Ол заманнан бері қазақ даласы талай тарихи белестерден өтті. Бүгін де татарлар қазақ қоғамының дамуына елеулі үлес қосуын жалғастыруда. Қазақстаның татар-башқұрт ассоциациясы» 2007 жылдан бастап құрылып, ұлтаралық татулық пен бірліктің нығаюына белсенді түрде атсалысуда. Оңтүстік Қазақстан облысындағы бірлестік түрлі мәдени және танымдық іс-шаралар ұйымдастырып, татар және башқұрт ұлтының мәдениетін, салт-дәстүрі мен тілін ұрпақтан ұрпаққа мұрағат етуде» деп атап өтті ол.

Соның бір көрінісі — татар жастары бірлестігінің жуырда ұйымдастырған «құда түсу» рәсімі. Татар ұлты қалыңдық алып қашуға о бастан қарсы болған. Жастар өз қалауымен және болашақ құдалардың өзара келісімімен шаңырақ көтерген. Сол себепті татарлар «құда түсу» рәсіміне ерекше көңіл бөледі.

Қалыңдықтың үйіне келген құда түсушілерден арнайы адам сайланып, ол қызға бірнеше сұрақ қояды. Осы сыннан сүрінбей өткен қыз тұрмысқа шығуға дайын деп есептеледі. Қалыңмал көлемі және той өткізу мәселесі келісілген соң, қыздың ата-анасы өз рұқсатын береді. «Құда түсу» дастарханына түрлі ұлттық тағамдар, чак-чак, палау және жеміс-жидектер қойылады.

Ал, үйлену барысында мұсылманша неке қию рәсімі қыздың үйінде өтеді, содан кейін ғана жас келін күйеу жігіттің ақ босағасын аттайды.

«Осылайша, елімізді мекен еткен, тарихымыз бен тағдырымыз бір болған түрлі ұлт өкілдеріне өз салт-дәстүрін жаңғыртып, тілі мен дінін жандандыруға мол мүмкіндіктер жасалуда» дейді Сайми Акбердиева.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика