×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
19.10.2015 в 23:20

Бiрлiктен асқан байлық жоқ

Әр жылдың 18 қазаны күнiн шешен-ингуш халқы асыға күтедi. Өйткенi, бұл күн олар үшiн ұлттық тiлiн, салт-дәстүрiн жалпы ұлттық құндылықтарын паш ететiн күн. Осыған орай «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бiрлестiгiнiң ұйытқы болуымен «Қоғамдық келiсiм» мекемесiнде тағлымды шара ұйымдастырылды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының ОҚО хатшылығының инспекторы Тұрсынкүл Құрманбаева құттықтау сөз сөйлеп, Ассамблея жылы аясында өтiп жатқан шараның маңыздылығын атап өттi. Ал, этномәдени бiрлестiк төрағасы Хасан Бациев Қазақстандағы ұлтаралық татулықтың бүгiнгi жарқын көрiнiсi өзге елдерге үлгi екенiн мақтанышпен жеткiздi.

– Елбасымыз бұдан 20 жыл бұрын көрегендiкпен құрған Қазақстан халқы Ассамблеясы сан ұлт өкiлдерiнiң басын бiрiктiрiп, ортақ мақсат-мiндетке жұмылдырып келедi. Өзге елдерде не болып жатқанын көрiп отырмыз. Елiмiздегi бейбiтшiлiк пен ынтымақ бiз үшiн аса қымбат, – дейдi бiрлестiк жетекшiсi.

1943-1944 жылдардағы кеңестiк билiктiң депортациялық саясатына ұшыраған ұлттардың қатарында Солтүстiк Кавказдағы шешен-ингуштар да болды. Кеңес өкiметi таулықтарды немiс-фашист басқыншыларына қолдау көрсеттi деген айыппен жаппай жер аударған. Оларды күштеп көшiруге негiз болған Халық Комиссарлары Кеңесiнiң 1943 жылдың 14 қазанындағы №342 аса құпия қаулысы болатын. Оңтүстiк Қазақстан облысына 20 мыңнан аса шешен қоныстандырылды. Тек 1957 жылы ғана қаралы қаулының күшi жойылып, олардың елдерiне қайтуына мүмкiндiк берiлдi. Алайда, олардың көпшiлiгi қайтуды құп көрмей, қысылғанда құшағын ашқан Қазақстанда тұрақтап қалды. Кезiнде атақонысынан күштеп жер аударылған шешен-ингуштардың екi мыңнан аса ұрпағы бүгiнде облысымызда тату-тәттi өмiр сүруде.

Шара барысында қоғамдық өмiрге белсене қатысып жүрген бiр топ азаматқа Алғыс хат тапсырылып, сый-сияпат жасалды. Орталық өкiлдерi ұлттық билерiмен, ән-жырларымен мерекенi қыздыра түстi.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика