×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
21.10.2015 в 23:31

Ақпараттық топ ұлтаралық татулықты насихаттап жүр

«Қоғамдық келісім» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің  басшысы Ербол Байқонақов пен облыстық Ассамблеяның хатшылық меңгерушісі Мұратәлі Қалмұратовтың бастамасымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай құрылған топ одан кейін Төлеби ауданына ат басын бұрды.  Мекеме мамандары этномәдени бірлестік төрағалары, мүшелері және ауыл тұрғындарымен кездесті. 

Аудандағы 1 мамыр ауылдық округінде басталған кездесу Киелітас, Тасарық, Көксәйек ауыларында жалғасын тапты.  Кездесулер барысында негізгі баяндаманы облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары – облыстық Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Мұратәлі Қалмұратов жасады. Ол құжаттың төртінші бағыты – біртектілік пен бірлік бойынша қолға алынып жатқан қадамдарға нақтылай тоқталды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институттық реформасын жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» бағдарламасы бойынша әзірленіп жатқан құжаттар мен жоспарлар жөнінде түсіндірді.

 «Аудандарды аралап шығуымыздың басты мақсаты -- Елбасының саясатын қолдап, этносаясатты жүзеге асыру. Биыл Ассамблеяның 20 жылдық мерейтойына орай атқарылар іс те, жоспарда көп. Соның бірі халықпен жүздесу. Біздің басты байлығымыз - әралуандылықтың бірлігі. Сондықтан мемлекет өз халқының мәдени, рухани дәстүрлерінің ұлттық игілік ретінде сақталуына қамқорлық жасайды. Осы қамқорлықтың бір тетігі ретінде мәдениетаралық сұхбаттың айрықша институты – Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі осыған бағытталады»,- дейді ол.

Жиын барысында  қосымша сөздерге, «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Ербол Байқонақов, облыстық өзбек, күрді, шешен-ингуш, қырғыз, аудандық славян этномәдени бірлестіктерінің басшылары мен өкілдері шығып, этносаралық келісімді сақтау, ішкі бірлікті нығайту мәселелері жан-жақты талқыланды.

 


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика