×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
22.10.2015 в 23:33

Ұлттар арасындағы татулықты сақтау мәселесі сөз болды

Мемлекеттік этносаясатты жүзеге асыру мақсатында құрылған ақпараттық - насихаттық топ Ер түріктің бесігіне айналған мекен  Түркістан қаласында да болды.  Ондағы Оранғай, Қарашық, Жүйнек, Ескі Иқан, Жаңа Иқан ауылдарында кездесулер ұйымдастырылды. Мұндағы жиынға  өзбек этномəдени бірлестігінің төрағасы И. Хашимжанов, татар-башқұрт этномəдени бірлестігінің төрайымы А.Мухамедова, түрік этномəдени бірлестігі төрағасының орынбасары И.Жукиев жəне М.Əуезов атындағы ОҚМУ-нің Қазақстан Халқы Ассамлеясы кафедрасының меңгерушісі Ғ.Маймақов қатысты. 

Олар жергілікті халық алдында  Н.Ə.Назарбаевтың бес институционалдық реформаларын іске асыру жөнінде "100 нақты қадам" ұлттық жоспарының ережелерін түсіндіру арқылы ұлттар арасындағы татулықты сақтау мәселесі бойынша сөз сөйледі.

«Бүгінгі алыс-жақынды біле бермейтін жаһандану заманында, әсіресе, ішкі бірліктің аса маңызды екенін толық сезіну керек. Мұнсыз сыртқы орнықтылық пен саяси-әлеуметтік тұрақтылық қамтамасыз етілмейді. Ендігі міндет Қазақстан деп атала¬тын қасиетті мекенге кіндігіміз байланған, оны шын жүрегімізбен, адал ниетімізбен Отаным деп таныған он жеті миллионнан астам халықтың бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып ұйысуы, асты да, үсті де бай¬лыққа толы кең-байтақ атамекеннің кез кел¬ген бәсекеге төтеп беретін атпал азаматтары болып ер жетуі» деп атап өтті М.Əуезов атындағы ОҚМУ-дің Қазақстан Халқы Ассамлеясы кафедрасының меңгерушісі Ғ.Маймақов өз сөзінде.

Жалпы, кездесулер сұрақ -жауап түрінде өрбіп, тиісті дəрежеде өткізілді.

Алдағы кезеңдерде осы бағыттағы жұмыстар өзге қала , аудандарда жалғасын таба бермек.

Татар-башқұрт этномəдени бірлестігінің төрайымы А.Мухамедова жиында биылғы жылдың Ассамблеяға арналуының өзінде көп мән жатқанын, бұл айтулы оқиғаның үлкен жауапкершілік жүктеп, еліміздегі түрлі ұлттардың басын қосып отырған бірлік пен татулықтың діңгегін одан сайын бекемдей түсетінін атап өтті


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика