×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
23.10.2015 в 23:36

«Жанубий Қозоғистон» газетінің оқырманға жеткеніне - 25 жыл

Ақпарат айдынында өзіндік орны бар басылым – «Жанубий Қозоғистон» газетінің оқырманға жеткеніне - 25 жыл. Атаулы мереке облыстық өзбек драма театрында болып өтті.

“Жанубий Қозоғистон” газеті бүгінде оңтүстіктегі өзбек оқырмандарының жоғары сұранысына ие. Басылым мемлекеттік саясатты жүзеге асырумен қатар, қоғамдық түрлі іс-шаралардан хабар таратады. Газет ұжымы демалыс күні белсенді аудиториямыз саналатын ұстаздардың жанын бір жадыратты. Үздік мұғалімдерге облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен басылым редакциясының арнайы сыйлықтары табыс етілді. 

«Келесі жылы газетіміз 25 жасқа толады. Біз енді оқырмандарға шығап, олармен кездесу ұйымдастырып, 25 жылдығымызға бүгіннен бастап, дайындалып жатырмыз. Барша ұстаздарға, оқырмандарымызға рахметімізді айтамыз» деді іс-шара барысында Фахриддин Қаратаев, “Жанубий Қозоғистон” газетінің бас редакторы.

“Жанубий Қозоғистон” газетін мерейлі мерекесімен құттықтап ОҚО әкімінің орынбасары Ерлан Айтаханов пен  ОҚО білім, жастар саясаты және тілдер басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Б.Жанәбіл келді.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Болашақта еңбек ет¬іп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұс¬тазға жүктелетін міндет ауыр» деген еді. Ұрпаққа тәрбие беру, білім нәрімен сусындату кез-келгеннің қолынан келмейді. Сол үшін ұстаз болу - жүректің батырлығы деп бағалауға болады. Бұл мереке бәрімізге ортақ.Себебі, жақсы ұстаздардың тәрбиесі мен адами қасиеттерін көп көргенбіз. Сол себепті, біз ұстаздарды құрметтей білеміз. Әрі қарай да құрметтеп өтеміз» деді облыс әкімінің орынбасары Ерлан Айтаханов.

Ал, газет оқырманы Әлішер Сатыбалдиев газет ұжымының  осынау іс-шараны Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халықтар ассамблеясының 20 жылдығы және ұстаздардың төл мерекесіне орай ұйымдастырғаны көңілінен шыққанын айтты.

Шара аясында халқымыздың рухты термелері мен өзбектің халық әндері орындалды. Концерттік бағдарламаны тамашалап, құрметке ие болған ұстаздар бұл мерекеден бір марқайып қайтты.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика