×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
24.10.2015 в 23:38

«Бірліктен қымбат қазына жоқ»

бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылына айналғаны ақиқат. ҚР Президенті Нұрсұлтан назарбаевтың тапсырмасымен Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы және Конституциямыздың 20 жылдығы кең көлемде аталып өтілуде. Ал, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын атап өтудің орны бөлек. Елбасының 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жариялауының астарында терең мән жатыр. Мұны біз 109 ұлт пен ұлыстың өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқан Оңтүстік Қазақстан облысының мысалынан да көре аламыз.

Ынтымағы жарасқан, бірлігі бекем, ұлттың ұйытқысына айналған Оңтүстік өңірі Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын жоғарғы деңгейде тойлауда. Нақтырақ айтар болсақ, жыл басынан бері облыс аумағында айтулы мерекеге орай облыстық ҚХА-сы хатшылығының, «Қоғамдық келісім» мемлекеттік меемесінің және өңірдегі 20-ға жуық облыстық этномәдени бірлестіктің ұйымдастыруымен 120-дан астам түрлі іс-шаралар өткізілді. Олардың арасында «Қазақстан халқы Ассамблеясы – 20 игі іс» республикалық эстафетасының бас белгісі «Тайқазанды» ұлықтау рәсімі Түркістан қаласынан бастау алғанын, «Бұл – біздің таулар» фестивалі аясында бұған дейін атауы болмаған тау шыңына «Қазақстан халқы Ассамблеясы шыңы» атауының берілуін ерекше атап өтуге болады.

Одан бөлек биыл облыста «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесі құрылды. Аталған мекемеде 5 бөлім бар. Оған қоса аудан, қалаларда 5 филиалымыз да жұмыс істеуде. Барлығы 72 маман еңбек етуде. Бұл ұйымның мақсаты – Ассамблея қызметін ғылыми-сараптамалық, ақпараттық, талдамалық сүйемелдеуді ұйымдастыру; этномәдени және басқа да қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың Қазақстан халқы Ассамблеясының міндеттерін іске асыруға бағытталған жұмыстарына қолдау көрсетуді ұйымдастыру. Сондай-ақ, бұл  мекеме Ассамблеяның жұмыс істеуін ұйымдастырушылық, қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етудің тиімді жүйесін құруды мақсат етеді. Мемлекеттік этносаясат саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу; этносаралық қатынастардың жай-күйі туралы талдамалық және болжамдық материалдар дайындау – біздің негізгі жұмысымыз. Этносаралық және конфессияаралық қатынастар мәселесі бойынша мониторинг жүргізу, ұсыныстар мен ұсынымдарды тұжырымдау да біздің міндеттерімізге жатады. Облыстық этномәдени бірлестіктердің жұмысына жағдай жасау – ерекшемыңызды іс. Сондай-ақ, «Қоғамдық келісім» облыстық Ассамблея қызметін ақпараттық қолдауды жүзеге асыру, Ассамблеяның баспа және электрондық бұқаралық ақпарат құралдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселесімен айналысады.

Бұлардың сыртында Ассамблеяның мақсаты мен міндеттерін іске асыруға бағытталған бұқаралық қоғамдық-саяси, мәдени-көпшілік, ғылыми және басқа да іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, Ассамблеяның Ғылыми-сарапшылық кеңесінің қызметін қамтамасыз ету, тағы басқа да жұмыстар бар.

Мұнан бөлек ай сайын облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағаларымен кездесіп, күнтәртібіндегі мәселелерді талқылап, ой бөлісіп отырамыз. Сондай-ақ, этносаралық ынтымақты нығайта түсу мақсатында «Қоғамдық келісім» мекемесінің жанынан арнайы ақпараттық-насихаттық топтың құрылғанын да ерекше атап өткім келеді. Бұл топ облыстың барлық аудан, қалаларын аралап, тұрғындармен көптеген кездесулер өткізді. Онда біздің мамандарымыз, мемлекеттік мемлекеттік этносаясаттың негізгі бағыттарын түсіндіріп, тұрғындарды ынтымақ пен бірлікке шақыруда.

Қорыта айтқанда, облысымызда ҚХА-ның да, «Қоғамдық келісім» мекемесінің де, облыстық этномәдени бірлестіктердің де жұмысы дұрыс жолға қойылған. Бұл тұрғындардың ынтымағы мен бірлігін нығайтуға ықпал етеді деген сенімдеміз.

Ербол БАЙҚОНАҚОВ,

ОҚО әкімдігі жанындағы

«Қоғамдық келісім» МКМ-нің директоры.

 


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика